Пезидент UAE SWAT Challenge–2026 халықаралық жарысында жоғары нәтиже көрсеткен командаларды құттықтады
Фото: Мемлекеттік күзет қызметі
Президент Дубай қаласында өткен терроризмге қарсы арнайы бөлімдер арасындағы UAE SWAT Challenge–2026 халықаралық жарысында жоғары нәтиже көрсеткен қазақстандық командаларды құттықтады, деп хабарлайды Orda.kz.
Kazakhstan C командасы беделді турнирдің абсолютті чемпионы атанса, ал Kazakhstan A құрамасы жалпы есеп бойынша екінші орын иеленді.
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік күзет қызметі, ішкі істер министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінен құралған командалардың кәсіби шеберлігі, физикалық және жауынгерлік дайындығы, сондай-ақ олардың отансүйгіштік рухы жоғары деңгейде екенін ерекше атап өтті. Сонымен қатар президент сарбаздардың жеңіске деген табандылығы мен қайсарлығына айрықша тоқталды.
Мемлекет басшысы 48 елден 109 команда қатысқан дүбірлі додада ел намысын абыроймен қорғаған арнайы жасақ жауынгерлеріне лайықты құрмет көрсетілетінін мәлімдеді.
«Арнайы жасақ олимпиадасы» деп аталатын элиталық бөлімдердің халықаралық жарыстары БАӘ-де жетінші рет өткізіліп отыр. Ең мықты атақ үшін жүзден астам команда - 49 ел өкілдері бақ сынайды. Қазақстан арнайы бөлім командалары өткен жылдардағы жарыстарда да дәстүрлі түрде жүлделі орындарға ие болған.
Оқи отырыңыз:
- Dubai SWAT Challenge: Қазақстан атынан 5 құрама команда бақ сынайды
- Қазақстандық күштік құрылымдар UAE SWAT Challenge турнирінің алғашқы күнін жеңіспен аяқтады
- Тарихи жеңіс: Қазақстандық арнайы жасақтар Дубайда өткен турнирде алтын және күміс жүлдеге ие болды
Жаңалықтар
- Есепші бүтіндей мемлекеттік кәсіпорын ақшасын бәске тігіп жіберді
- Жаңа Конституция күні 1 шілдеде аталып өтуі мүмкін
- Маңғыстау облысында есірткі жеткізумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды
- Қазақстанда жаңа Конституцияның жобасы жарияланды
- Пезидент UAE SWAT Challenge–2026 халықаралық жарысында жоғары нәтиже көрсеткен командаларды құттықтады
- TikTok-та танылған Талғар әкімі қызметінен кетті
- Садыр Жапаров Конституциялық сотқа жүгінді
- Дәрігер ауруханада 13 жастағы қызға азғындық жасаған: Істің жай-жапсары
- Доллар неге күрт арзандап кетті?
- Тарихи жеңіс: Қазақстандық арнайы жасақтар Дубайда өткен турнирде алтын және күміс жүлдеге ие болды
- Бүгін Астана оқушылары мен студенттері қашықтан оқиды
- Қазақстанда Референдум 15 наурызда өтеді
- Қылмыстық іс қозғалды: Шымкентте көшенің қақ ортасында бір топ жас жігіт жаға жыртысты
- Анапада техникумында студент атыс ашып, күзетші көз жұмды
- Рамазан-2026: Пітір садақа мөлшері белгілі болды
- Мемлекет басшысына жаңа Конституцияның қорытынды жобасы таныстырылды
- Жаңа Конституция жобасы референдумға шығаруға дайын
- Сара Алпысқызы ем алуды Алматыда үй жағдайында жалғастырады
- Нұрлан Сабуров сотталуы мүмкін бе?: Заңгер пікірі
- Үкіметтің кеңейтілген отырысындағы президент сынынан кейін Бектенов үкіметке бірқатар тапсырма берді