Перуашев ұсталған журналист Ботагөз Омарованы қолдауға дайын екенін айтты

cover Фото: жеке мұрағатынан

Депутат Азат Перушев Қылмыстық кодекстің 274-бабын декриминализациялау мәселесіне және журналист Ботагөз Омароваға қатысты жағдайға байланысты өз пікірін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.

Оның сөзінше, ол бұған дейін де Ботагөз Омароваға қолдау білдірген.

«Мен оны ең мықты әрі адал журналистердің бірі деп санаймын. Сол себепті ол істі қолға алуды дайынмын», — деді депутат.

Түзетулер мәселесіне тоқталған Перуашев қазіргі заң нормаларының өзінде жауапкершілікті әділ бөлу қажет екенін атап өтті. Оның пікірінше, егер журналист ақпаратты тікелей эфир барысында жеткізсе, онда негізгі жауапкершілік сол ақпаратты әрі қарай таратқан адамдарға жүктелуі тиіс. Сонымен қатар, ол журналистердің ақпарат көздерін тексеру міндеті бар екенін айтты. 

«Менің білуімше, бұл жағдайда Ботагөз барлық қажетті талаптарды орындаған», — деп қосты ол.

Депутат сондай-ақ 274-бапты декриминализациялау мәселесіне тоқталып, Әділет вице-министрінің деректерін келтірді. Оның айтуынша, осы бап бойынша қозғалған істердің тек шамамен 2%-ы ғана сотқа жетеді.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар