Перизат Қайраттың тергеу изоляторында соққыға жығылғаны жалған болып шықты

cover Фото: Бейнеден кадр

Перизат Қайраттың тергеу изоляторында қызметкерлер тарапынан соққыға жығылдым деген мәлімдемесі жалған болып шықты, деп хабарлайды Orda.kz. 

Кеше, 9 маусым күні «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қорының басшысы Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот процесі басталды. Перизат Қайрат тергеу изоляторында соққыға жығылғанын айтты. Прокуратура органдарына арыз түсіргенін, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Алайда бүгін, 10 шілде күні Астана қаласының полиция департаменті мекеменің бейнебақылау камераларындағы жазбаларды ұсынды.

«Алғашқы тергеу әрекеттерінің нәтижесі бойынша П. Қайрат мәлімдегендей, камера есігін жабу кезінде мекеме қызметкерлерінің оған дене жарақатын келтіруі туралы сөздері расталмайды. Бұған П.Қайрат өз арызында көрсеткен оқиға сәтіндегі бейнебақылау жазбасы дәлел болып отыр», — деп хабарлады Астана қаласы ПД. 

[media=


]

Айта кетейік, Астанада Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы жартылай жабық өтеді.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар