Павлодардағы салынып жатқан көпір бір тәулікте екінші рет өртенді

cover Фото: Павлодар облыстық ТЖД

2026 жылғы 1 ақпанда Павлодар қаласында Есіл өзені арқылы салынып жатқан көпірде екінші рет өрт шықты, деп хабарлайды  Orda.kz.          

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға орнына өрт сөндіру-құтқару бөлімдері жедел түрде оқиға орнына барған.

«Өрт ошағына жеткен өрт сөндіру тобы №5 тіректе шыққан өртті дереу сөндіруге кірісті. Аталған жерде жылу оқшаулағыш материал, қорғаныш жамылғысы және қалыптың ағаш құрылымдары жанған. Өртті сөндіру жұмыстары биіктіктегі жетуі қиын учаскелерге байланысты күрделене түсті. Өрт жалпы аумағы 100 шаршы метрде толықтай сөндірілді. Жалынның көпірдің өзге құрылымдарына таралуына жол берілген жоқ»,  деп хабарлады Павлодар облыстық ТЖД. 

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы себеп болған. Төтенше жағдайлар департаментінде «кеше болған өрт пен бүгінгі өрттің шығу себептері арасында тікелей байланыс жоқ» екенін атап өтті.

Сондай-ақ 31 қаңтар күні өрт №4 тіректе болғаны айтылды. Ол кезде жылу оқшаулағыш материал мен қалыптың ағаш элементтері жанған еді.
 
 
 Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар