Павлодарда мас жүргізуші кесірінен екі бала ауруханаға жатқызылды

cover

Зардап шеккен 15 және 2 жастағы балалар ауруханаға жатқызылды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 тамыз күні сағат 22:20 Абай көшесіндегі 110 үйдің жанында «Хонда Пилот» автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі жылдамдықты басқара алмай, тұрақта тұрған «Киа»-мен соқтығысты.

ЖКО нәтижесінде 2006 және 2019 жылдары туған «КИА» жолаушылары түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

– «Хонда» жүргізушісі жеңіл дәрежеде мас болды, - деп хабарлады ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Аталған факті бойынша тәртіп бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар