Павлодарлық жігіт сүйіктісінің ата-анасын пышақтап өлтірді

cover Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысында жеке үйдің аулаларының бірінде екі адамның мәйіті табылды. Қайғылы оқиға Тереңкөл ауданының Береговое ауылында орын алған.

Облыстық полиция департаменті адам өлтірді деген күдікпен 22 жастағы ауыл тұрғыны ұсталғанын хабарлады. Оқиға орнында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«3 шілде күні сағат 02:10-да Тереңкөл ауданы, Береговое ауылында жеке тұрғын үйдің ауласынан пышақ жарақаты түрінде зорлық-зомбылық белгілері бар 46 жастағы үй иесі мен 48 жастағы онымен бірге тұратын адамның мәйіті табылды. Марқұмның кәмелетке толмаған ұлы үй-жайлардың біріне тығылып қалғандықтан зардап шеккен жоқ» делінген хабарламада.  

Pavlodarnews.kz басылымы бұл қылмысты марқұм әйелдің 16 жастағы қызы Алинаның жігіті 3 шілдене қараған түні жасағанын анықтады.

Марқұмның қызы Алинаның айтуынша,  бұрынғы сүйіктісі бетін қайтарғаны үшін оның анасы мен өгей әкесіне пышақпен шабуыл жасаған. Екеуі де бірнеше пышақ жарақатын алып, содан қайтыс болған. Бойжеткен сол түні Павлодардағы туыстарының үйінде қонған.

Нашақор екенін білдім...

— Шамамен бір ай бұрын мен оның есірткі қолданатынын білдім, сондықтан онымен қарым-қатынасты тоқтатуды шештім. Ол қарсы болды және менің бұл шешімім үшін әлі қатты өкінетінімді айтты.

2 шілдеде мен Павлодарда болдым, колледжге түсу үшін құжаттар тапсыруға дайындалдым. Түнде тәтем маған қоңырау шалып, шұғыл түрде оралуым керек екенін айтты. Үйде анам мен өгей әкемді өлтіріп кеткенін білдім, - деді Алина.

Қыздың айтуынша, ол қайғылы оқиға туралы туыстарынан білген.

— Сол түні анам, өгей әкем және менің 13 жасар бауырым үйде болды. Олар түнгі сағат бірге қарай отшашуды естіп,  көшеге шыққан. Бауырым барғысы келмей, үйде қалған. Біраз уақыттан кейін анам үйге жүгіріп келіп, оған жасырын деп айтқан. Бауырымды құтқаруға тырысып,  көмек сұрап жүгірген. Ол алаңға жеткен кезде бұрынғы жігітім оны қуып жеткен. Анам пышақ жарақатынан қайтыс болды. Бұған дейін ол анамды қорғауға тырысқан өгей әкемді де  өлтірген,- деп еске алды Алина.

Алина бұрынғы жігіті жазадан жалтарып кете ме деп қорқады.

— Бүгін оның анасы келіп, көмек ретінде ақша әкелді. Ол жылап, ұлының ауырғанын айтты. Бәлкім, бұл есірткінің әсері болуы мүмкін, бірақ бұл қатыгездікпен кісі өлтіруді ақтамайды. Анамның бүкіл денесінде пышақ жаралары бар. Біз бауырымызбен жалғыз қалдық, бай туыстарымыз бен таныстарымыз жоқ. Ертең анам мен өгей әкемді өлтірген адам бостандыққа шығып, бізді де аман қалдырмайды деп қорқамын, - дейді бойжеткен.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар