Парламентте депутаттар арасында текетірес болды

cover Фото: бейнеден кадр

Сербия парламентінде білім беру туралы заңға өзгерістер енгізу мәселесін талқылау кезінде депутаттар арасында дау шықты, деп хабарлайды Orda.kz.

Оқиға Радио және теледидар қызметінің (Радио-телевизија Србије) эфирінде көрсетілді.

Наразылықтар 1 қарашада Нови-Садтағы вокзал шатырының құлауынан кейін басталды. Апат салдарынан 15 адам қаза тапқан болатын.

Талқылау барысында оппозиция депутаттары фаер жағып, залды қара түтін басты. Сонымен қатар, парламент спикері Ана Брнабичке су шашылды. Жағдай шиеленісіп, қауіпсіздік қызметкерлері мен билеуші коалиция мүшелерінің араласуына тура келді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар