Пәкістан мен Ауғанстан неге соғысып жатыр?
Сурет ЖИ көмегімен жасалды
Алдыңғы аптада Пәкістан Ауғанстанға қарсы соғысты қайта бастады. Екі ел арасындағы соғыс қысқа уақытқа үзіліс алып, екі ел арасындағы дау қайта ушықты. Жалпы Таяу Шығыстағы екінші соғыстың тарихы неден басталды және бүгінге дейін не белгілі?
Orda.kz Иран мен Израиль арасындағы даудың көлеңкесінде қалып кеткен соғыс туралы ақпарат ұсынады.
Пәкістан мен Ауғанстан арасындағы қақтығыс наурыз айының ортасында уақытша тоқтаған еді. Екі ел Ораза айт мерекесіне байланысты 19-24 наурыз аралығында уақытша бітімге келген. Бұл келісімге Түркия, Катар және Сауд Арабиясы сияқты елдер араласқан. Екі ел арасындағы бітім ұзаққа созылмады. 26 наурыз да Пәкістанның сыртқы істер министрі соғысты әлі қарай жалғастырғанын мәлімдеді.
Соғыстың тарихы неде жатыр?
Пәкістан мен Ауғанстан арасындағы қазіргі қақтығыс бір күнде пайда болған жоқ. Оның негізінде бірнеше жылдан бері жиналып келген саяси, әскери және этникалық мәселелер жатыр. Негізгі себептердің бірі Тегерік Талибан Пәкістан (ТТП) деп аталатын қарулы топ. Бұл ұйым Пәкістан аумағына шабуыл жасап, кейін Ауғанстанға өтіп кетеді деген айыптаулар бар. Пәкістан тарапы ТТП мүшелері Ауғанстан жерінде жасырынып жатыр деп есептейді.
Ал Ауғанстан билігіндегі тәліптер бұл айыптарды жоққа шығарып келеді. 2026 жылдың ақпан айының соңында жағдай күрт ушықты. Пәкістан әскері Ауғанстан аумағына әуе соққыларын жасап, ТТП базаларын жоюды мақсат еткенін мәлімдеді. Алайда бұл шабуылдар кезінде бейбіт тұрғындардың да қаза тапқаны туралы ақпараттар тарады. Бұған жауап ретінде Ауғанстан тарабы шекара маңында артиллериялық соққы жасап, қарулы қақтығыстар басталды. Осылайша екі ел арасындағы шиеленіс ашық әскери қақтығысқа ұласты.
30 наурыздағы соңғы жаңалық
Reuters халықаралық басылымының мәліметінше, екі ел бір-біріне оқ жаудыруларын әлі де жалғастырып жатыр. Ал Пәкістан астанасы Исламабад Америка мен Иранның келіссөздері өтетініне үміттенетінін мәлімдеді. Шекарадағы шабуыл 29 наурыз күні Пәкістан Таяу Шығыстағы соғысты бәсеңдету бойынша, аймақтық державаларды қабылдайтын күні болды.
Басылымның жазуынша, қос тарап та ауыр артиллериялармен бір-біріне соққы жасаған. Ауғанстанның Құнар провинциясына соққы жасалса, оған жауап ретінде Пәкістанның Баджур ауданындағы нысандарға шабуыл жасалған.
Кабулдағы тәліптер әкімшілігі баспасөз хатшысының орынбасары Хамдулла Фитраттың мәліметінше, кешегі Пәкістан соққысынан 1 адам қаза тауып, 16 адам жарақат алды. Олардың басым көпшілігі әйелдер мен балалар.
Ал Пәкістанның қауіпсіздік қызметі өкілдері Пәкістан тек Ауғанстанның шабуылына ғана жауап ретінде соққы жасағанын алға тартып, қандай да бір азаматтық нысандарға соққы бергенін жоққа шығарды.
«Ауғанстанның тарабынан кішігірім заңбұзушылықтар болды, біз оларға жай ғана жауап қайтардық», – деді Пәкістан билігі.
Пәкістан не үшін соғысты қайта бастады?
Шетелдік басылымдардың мәліметінше, Пәкістанның қайтадан соғыс қимылдарын бастауының басты себебі — қауіпсіздік мәселесі мен шешілмеген даулар. Жоғарыда айта кеткен Тегерік Талибан Пәкістан (ТТП) ұйымының Ауғанстанда жасырынып отыр деген айыппен әлі шабуылды жалғастырып жатыр. Ораза айт мерекесі қарсаңында келген бітім негізгі мәселелерді шешкен жоқ. Бітім аяқталғаннан кейін Пәкістан тарабы ТТП-ға қарсы операцияларды қайта жалғастыру қажет деп мәлімдеді.
Сонымен қатар, Пәкістан Ауғанстан тарабын шекарадағы қауіпсіздікті қамтамасыз етпеді деп айыптайды. Исламабадтың айтуынша, Ауғанстан аумағынан қарулы топтар Пәкістанға өтіп, шабуылдар жасап жатыр. Осыған жауап ретінде Пәкістан «қорғаныс мақсатында» әуе және артиллериялық соққыларын қайта бастаған.
Ал Талибан билігі бұл айыптарды жоққа шығарып, керісінше Пәкістанды өз аумағын негізсіз атқылап жатыр деп мәлімдеді.
Оқи отырыңыз:
- Ресейдің Усть-Луга вахталық кентіндегі төбелесте 10 қазақстандық ұсталып, үшеуіне қатысты тергеу басталды
- Исламтанушы ел ішінде арандатушы уағызшылар көбейгенін айтты
- Ормуз бұғазындағы қиындық: Жапония Қазақстан мен Әзербайжаннан мұнай импорттайды
Жаңалықтар
- Ирандық спорт командаларына «дұшпан» елдерге баруға тыйым салынды
- Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші әйелі Әсел Исабаева Астанада фотосессия жасады
- Пәкістан мен Ауғанстан неге соғысып жатыр?
- Ормуз бұғазындағы қиындық: Жапония Қазақстан мен Әзербайжаннан мұнай импорттайды
- AIRAN жобасының жұмысы тоқтады
- «Екі жыл бойы қысым көрді»: Атыраудағы оқушы қызды пышақтауға мектептегі буллинг себеп болған
- Стамбұл әуежайында түрік актрисасы Ханде Эрчел ұсталды
- Қатарында басшылар да бар: Ұлытауда бәс тіккен 30-дан аса мемлекеттік қызметкер жұмыстан қуылды
- Қазақстанның қай өңірінде су тасқыны қаупі төніп тұр?
- Маңғыстауда мектептегі акт залының төбесі құлады: Полиция қылмыстық істі тоқтатты
- Исламтанушы ел ішінде арандатушы уағызшылар көбейгенін айтты
- Қарақшылар 3 минут ішінде Италиядағы музейді тонап кетті
- Шығын — 10 млрд теңге: Қаржы пирамидасын басқарған қазақстандық Грузиядан экстрадицияланды
- БҚО-да полицияға бағынбаған бір топ адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды
- Ресейдің Усть-Луга вахталық кентіндегі төбелесте 10 қазақстандық ұсталып, үшеуіне қатысты тергеу басталды
- 3 миллион доллардың есірткісі: Ұлытау облысында ірі есірткі арнасының жолы кесілді
- Артықов «Батыс» өңірлік қолбасшылығының басшысы қызметінен босатылды
- Рамзан Қадыров Шешенстанда төтенше жағдай жариялады
- Атырау вокзалында такси жүргізушісі жолаушыны пышақтап тастады
- Қазақстанда зейнетақы активтерін басқаратын алтыншы жеке компания пайда болды