Өзімді жаман сезініп тұрмын – Дәулет Тұрлыханов

cover

Қазақстанда тағы бір жанжал шықты. 6 қыркүйекте бойжеткен Instagram желісінде депутат Дәулет Тұрлыхановтың ортаншы ұлына ұқсайтын жігіттің өзін ұрып-соғып жатқаны туралы видео жариялады.

Бұл туралы мәжіліс алаңында Тұрлыханов өз пікірін білдірді.

Ол оқиға туралы жаңалықтардан естігенін атап өтті. Депутат видеодағы өзінің ұлы екенін растамады, бірақ  жоққа да шығарған жоқ. Сондықтан ол жалтарып жауап берді.

«Қай ата-ана баласының жаман болғанын немесе баласының жамандық жасағанын қалайды. Өздері шешеді. Бұл жаңалықты сізден естідім. Мен өзімді жаман сезініп тұрмын»,-  деді Тұрлыханов.

Соған қарамастан ұлдарымен тәрбие жөнінде әңгіме өткізуге уәде берді. Ол өзі әйелдерге ешқашан қол жұмсамайтынына, тек олармен кілемде күресетініне сендірді. Дегенемен Тұрлыханов отставкаға кетуге асықпайды.

Бұған дейін Алматыда белгілі спортшы Дәулет Тұрлыхановтың тағы бір ұлы Нұрасыл екі адвокатты ауыр жарақаттаған болатын. Бұл туралы Тұрлыхановтың қолынан жапа шеккен Анна Димитриевич Facebook желісіндегі парақшасында айтып берді.

Адвокаттың айтуынша, Дәулет Тұрлыхановтың көмекшісі мен оның үлкен ұлы бірінші күні ақ зардап шеккен адвокаттардан кешірім сұраған. Келесі күні Мәжіліс депутатының өзі кешірім сұрады. Әскери тергеу бөліміндегі жеке кездесуде Болат Нұрасыл татуласу белгісі ретінде Анна Черноваға гүл шоғын сыйлап, кешірім сұрады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар