Өзбекстанда ту түстес көйлек киген модель жазаланды
Фото: Шахризода Мадаминованың инстаграмы
Филиппинде өткен «Мисс Жер шары» халықаралық байқауында Өзбекстан атынан алғаш рет өнер көрсеткен 21 жастағы модель Шахризода Мадаминова ұлттық рәміздер бейнеленген киімі үшін айыппұл арқалады, деп хабарлайды Orda.kz.
Gazeta.uz мәліметінше, байқау 2025 жылғы қазан айында Манила қаласында өткен. Шарт бойынша, әр елдің өкілі ресми ұлттық киіммен ән айтуы немесе би билеуі тиіс болған.
«Бейнемді ұзақ ойластырдым. Елтаңбамыздағы Хумо құсынан және туымыздан шабыттанған осы көйлекпен хорезм биін орындадым» деп жазды бойжеткен өзінің Instagram парақшасында.
Алайда шамамен үш ай өткен соң, 19 қаңтарда Ташкент қаласының Мирабад аудандық сотында іс қаралды. Бұған өзін таныстырмаған жас жігіттің шағымы себеп болған. Ол киімде ту мен елтаңбаны қолдану заңға қайшы деп мәлімдеген.
Сот модельді мемлекеттік рәміздер туралы заңнаманы бұзғаны үшін кінәлі деп таныды. Аталған заңда, атап айтқанда, «Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік туын киім ретінде пайдалануға тыйым салынады» деп көрсетілген.
Шахризода Мадаминова кінәсін ішінара мойындады. Ол көйлекте тек тудың түстері ғана белгілі бір реттілікпен қолданылғанын, ал жарты ай мен 12 жұлдыздың болмағанын алға тартты.
Алайда сот бұл уәждерді ескерусіз қалды, кінә «толық дәлелденді» деп тауып, 824 мың сум көлемінде айыппұл салды.
Кейінірек модельдің айтуынша, талапкер байқаудан түсірілген суреттерді Instagram-нан өшіруді талап еткен. Ол бұған келіспеген. Бұған жауап ретінде судья аккаунтты бұғаттау үшін деректер «арнайы базаға» енгізілуі мүмкін екенін ескерткен.
Бұл жағдай әлеуметтік желілерде қызу талқылауға себеп болды. Көпшілік бойжеткенді жазалаудың орнына қолдау көрсету керек еді деп есептейді, себебі ол Өзбекстанды әлемдік байқауда алғаш рет таныстырған.
Айта кетейік, бұған дейін Атырауда араб жазулары бар Қазақстан туын ұстаған никаб киген қыздардың жауапқа тартылғаны туралы жазған едік.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады