Өзбекстанда Олимпиада чемпиондары да сақалдарын қыруда
Фото:elements.envato.com
Өзбекстанда сақалға қарсы рейдтер күшейді. Ислам дінін ұстанушылар, олимпиада чемпиондары және шетелдік турист нысанаға алдынды, деп хабарлайды Orda.kz Озодлик радиосының бюросына сілтеме жасап.
Соңғы күндері Өзбекстанда сақалға қарсы рейдтер тағы да күшейген. Ташкентте сақал қойғаны үшін бірнеше ер адамның әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны туралы мәлім болды.
Соңғы күндері Өзбекстанның әкімшілік соттарында «қоғамдық орындарда жеке басын анықтауға мүмкіндік бермейтін дәрежеде бетін бүркеу» деген бап бойынша істің қаралуы жиілеп кеткен. Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының тікелей нұсқауы бойынша бірнеше ер адамның сақалын күштеп қырып тастағаны жайлы да мәлім болды.
Сақалын қыруға немесе қысқартуға мәжбүр болғандардың көпшілігі ресми діни дәрежесі жоқ діндарлар, қоғам белсенділері мен өнер адамдары. Алайда, бұл тізімде шетелдік туристер мен Париж Олимпиадасының чемпиондары да бар екендігі анықталды.
Өзінің аты-жөнін жарияламауды өтінген Олимпиада чемпиондарының бірі Париж Олимпиада ойындары кезінде сақалы бар өзбек спортшыларына президентпен бейнебайланыс алдында сақалын қысқартуды тапсырылғанын айтты.
Сондай-ақ, Өзбекстанға барған Германия азаматы әлеуметтік желіде Ташкентте полиция қызметкерлері үш жылдан бері өсіріп келген сақалын қыруға мәжбүрлегенін жазды.
«Мүмкін бұл сол күні барлық жерде жұма намазы оқылғандықтан шығар? Көшеде полиция қызметкерлері көп болды. Олар мені тоқтатты. Мен өзбек тілін білмеймін, олармен шала орыс тілінде сөйлестім. Мені еш түсіндірместен полиция бөлімшесіне алып кетіп, сақалымды не өзім қыруым керектігін немесе өздері қыратындығын айтты» деп жазды шетелдік турист.
Өзбекстан Ұлттық телерадиокомпаниясы қызметкерлерінің бірінің айтуынша, өнер адамдарына да эфирге сақал қойып шығуға бейресми түрде тыйым салынған. Ол бұл тыйымның мемлекеттік емес телеарна қызметкерлеріне де қатысты екенін айтты. Шілде айында сақалының өсуіне байланысты әнші Шохжахон Джураевты Zoʻr телеарнасындағы «Артист» жобасына қатысуға жібермеген. Содан кейін ол сақалын толығымен қырып, шоудың қазылар алқасында отыруға мәжбүр болыпты.
Бүгін де Өзбекстанның құқық қорғау органдарында «әкімшілік жауапкершілік туралы кодекске өзгертулер енгізу туралы» заңы бойынша 789 іс сот қаулыларының деректер базасында жатыр екен. Көбінесе мұндай жағдайлар Жизақ, Самарқанд, Әндіжан және Ферғана облыстарында кездеседі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық