«Отставкаға кандидат»: шаруалар министрге талап қойды
Биыл Маңғыстау облысын жайлаған қуаңшылықтан арып-тозған Қамбар баласы. 27 шілде 2021 жыл. Фото: Павел Михеев / REUTERS
Бейсенбі ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев елдегі шаруалар наразылығы өршіген тұста ОртКом алаңында президент жолдауын қалай іске асырып жатқаны жайлы брифинг өткізді.
Өткен жұмада Садырбаев бастаған «Shopan ata» Ұлттық мал өсірушілер қауымдастығының мүшелері мен өзге де шаруалар 9 талаптан тұратын арнайы петиция жариялаған. 10 мың адам қол қойған үндеудегі басты талап – «президент Тоқаевтың тапсырмасын орындамады деп сыналған ауыл шаруашылғы министрі Ербол Қарашөкеевтің отставкасы».
– Президент жеке қосалқы шаруашылықтарды қолдауға тапсырма берген, бұлай қорлауға емес. Келіспейтініміз, біріншіден, «Жеке қосалқы шаруашылық туралы» заң жобасында мал басын шектеу қарастырылған. Екіншіден, жеке тұлға ауыл шаруашылығының объектісі қосалқы шаруашылыққа өткеннен кейін субъектіге айналады. Олай болған жағдайда, алым-салық, әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы жарнасын төлеуге міндеттеледі. Үшіншіден, кооператив құрып, малды ауылдан тысқары аумақта ұстау қажет делінген. Ауылдың ішінде мал ұстамасын дейді. Әуелі, жер тауып берсін. Әбден тозған жайылым мәселесін шешпей, ауылдағы малды қуып шығу ақылға сыйымсыз, – дейді ауыл шаруашылығы саласының сарапшысы Алмасбек Садырбаев.
Ауыл шаруашылығы министрі баяндамасында «Ашық нормативтік құқықтық актілер» сайтында орналастырылған «Жеке қосалқы шаруашылық туралы» заң жобасының алғашқы нұсқасына қатысты 1600-дей ескерту-ұсыныс берілгенін мәлімдеді.
22 желтоқсан күнгі шаруалармен кездесуден кейін «жайылым мәселені шешу үшін бір реттік емес, жүйелі шаралар қажет екеніне тағы да көз жеткізгенін» айтты.
– Алғашында алдағы мемлекеттік қолдау көлемдерін болжау және жоспарлау мақсатында енгізілген қолда ұсталатын мал басының санын шектейтін норма жұрттың пікірін ескере отырып алынып тасталды, – деді ол.
Редакция тілдескен маңыстаулық шаруа Әділбек Сағындық жемнің барын, бірақ бағасы қалта көтермейтінін айтады.
– Қинап отырғаны баға мәселесі. Тым қымбат. Бір орам шөп 18 мың теңгеден, кебектің келісі 100 теңгеден басталады. Түк шөп 1400-1500 теңгеден. Былтыр шөптің орамы 7 мың, бір түгі 500, ал кебек 70 теңгеден болушы еді, – дейді қапаланып орта шаруа.
Бұл жөнінде министр баспасөз жиынында қаңтар айында аймаққа арнайы комиссия барып, мәселені шешеміз деп уәде берді. Ол мал азығының қымбаттау себебін «темір жолмен тасымалдау төлемін 77%-ға төмендесе» де өзге өңірлерден жеткізілетін жем-шөптің жеткізу құнымен байланыстырды.
Шаруалар заңнан елді мекендердегі мал санының шекті көлемін белгілеуді көздейтін норма алынып тасталғанымен, өзге 8 талаптың іске асуын сұрайды.
Қарашөкеев сәрсенбіде «саланың 30 шақты өкілімен 4 сағат отырып талқыласып-пікірлестік, кездесу аяғында келісімге келдік» дейді. Шаруалар жетекшісі жұма күні петиция талаптарын қанағаттандыратын хаттаманы қолға алмайынша, митинг өткізу бастамасы өз күшінде болатынын айтты.
Алмас Садырбаевтың осыған дейін жазған дерегіне қарағанда, 25 желтоқсан күні 12 өңірде бейбіт жиын өткізу жоспарланған. Астана мен 11 облыстың әкімдігіне арнайы өтінім жіберілген – «заңға сай». Редакция тілшісіне айтуынша, барлық әкімдік «рұқсат беруден» бас тартқан. Десе де сарапшы петицияда көтерілген мәселелер оң шешім тапқан жағдайда ғана райынан қайтатынын жеткізді.
Ресми мәліметке қарағанда, қазір елдегі малдың жартысына жуығын ұстап отырған 1,6 млн жеке қосалқы шаруашылық бар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық