Өскемендегі түрмеде бағынбаған сотталушыларға қарауыл оқ атты

cover Фото: Vyatka-grad.ru

Өскемен колониясында белгісіз адамдар мекеме аумағына тыйым салынған заттары бар 9 түйіншек лақтырды. Бағынбаған сотталушыларға қарауыл оқ атты, деп хабарлайды Orda.kz.

Колония аумағына лақтырылған 9 түйіншектің жетеуі тұрғын аймаққа, біреуі техникалық жолға түсті, тағы бірі қоршауға ілініп қалған.

«Қоршауға ілініп қалған тыйым салынған затты алмақ болған төрт сотталушы айла жасап, іштегі тыйым салынған аймаққа кіріп кеткен. 6699 әскери бөлімінің қарауылдағы әскери қызметшісі дереу: «тоқта, кері қайт!» деген команда беріп, болған жайт туралы қарауыл бастықтарына баяндап ескертуін қайталаған. Артынша «тоқта, қайт артқа, атамын!» деген ескерту айтқан. Колония қарауылының ескертуіне қарамастан, сотталушылардың бірі негізгі қоршауға өрмелеуге тырысты. Осы сәтте ережеге сәйкес әрекет еткен қарауыл ауаға ескерту оғын атты», — деп жазылған өңірдегі түсіндірмеде.

Тәртіп бұзушылық дер кезінде тоқтатылды, қазіргі уақытта оған қатысы бар сотталғандар қатаң ұстау тәртібіне ауыстырылды.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар