Орыс тілі мұғалімі вице-министр болып тағайындалды
Фото: gov.kz
Үкімет қаулысымен Айзада Құрманова мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды. Ол бұған дейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып, еңбек жолын орыс тілі мұғалімі болып бастаған.
Үкіметтің баспасөз қызметі Құрманованың вице-министр болып тағайындалғанын хабарлады.
Айзада Құрманова 1970 жылы туған, C.Торайғыров атындағы Павлодар педагогикалық институтын және Павлодар мемлекеттік университетінің магистратурасын бітірген. Еңбек жолын орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған. Ол Екібастұз қаласындағы мектеп директорының орынбасары, директоры болып қызмет атқарған. Мемлекеттік қызметте – 2002 жылдан бері істеп келеді.
Құрманова Екібастұз қаласының ішкі саясат бөлімін басқарды, Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, Павлодар облысының ішкі саясат басқармасының басшысы болды. 2011-2014 жылдары Лебяжі ауданының әкімі, 2016-2020 жылдары Мәжіліс депутаты болды. 2020 жылдан бастап Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Бұл қызметте ақпарат, жастар, тіл саясаты, азаматтық қоғамды дамыту және басқа да әлеуметтік мәселелерге жетекшілік етті.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады