Өркениеттен жырақта: Сусыз, байланыссыз отырған Саумалкөл тұрғындарының сүрең тартқан өмірі

cover КОЛЛАЖ Orda.kz

Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданына қарасты Саумалкөл ауылында ауыз су, байланыс, экология мәселелері ушығып тұр. Ең бастысы ауылда байланыс деген атымен жоқ. Тұрғындар қарапайым жедел-жәрдемге қоңырау шалу мұң екенін айтты. 

Саумалкөлдің тұрғындарын сандалтқан мәселелерді Orda.kz редакциясына ауыл белсенділерінің бірі көпбалалы ана Мәдина Баймендина жеткізді. Жалпы Саумалкөлде 11 500 тұрғын бар, 40 көпқабатты үй мен 3755-ке жуық жекеменшік үй бар. Сонымен қатар 45-тен астам жаңадан салынған үйде Солтүстікке қоныс аудару бағдарламасы бойынша көшіп барған тұрғындар тұрады екен. 

«Байланыс нашар, жедел-жәрдем шақыра алмаймыз» 

Байланыс мәселесі соңғы 3-4 айда пайда болған екен. Ауыл тұрғыны Мәдина Баймендинаның айтуынша, осы мәселемен әкімдікке барғанда ондағылар Саумалкөлден 10-12 шақырымда орналасқан түрмеге қойылған байланыс сигналын басатын құрылғының күшейтілгендігі себеп болды деп айтқан екен. Оған қоса бұл байланыс тек Саумалкөлде емес тағы да Кірпі, Қоскөл деген ауылдарда да нашар. 

«Менің үйімдегі байланыс Қазақтелеком тарифі, ол жақсы болғанымен интернет өшіп қалады. Мысалы, мен SMM-мен айналысамын, жұмысымның барлығы онлайн, бір нәрсе жасау мүмкін емес. Ғаламторды қоя беріңіз, үйде біреу ауырып қалса, жедел-жәрдем де шақыра алмаймыз. Бір рет адаммен хабарласып сөйлесу үшін бес-алты рет қоңырау шалу керек, оның үстіне дауысымыз да дұрыс естілмейді», – дейді Баймендина.

Ауыл тұрғындары бұл мәселе бойынша, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрілігіне жүгінген. Министірлік байланысты бұғаттау көзі қылмыстық-атқару жүйесіндегі, яғни, түрмелерде орнатылған арнайы техникалық құрылғылардан екенін растаған. Яғни, министрлік мұндай құрылғылардың түрме аумағында және оған жақын аймақта байланысқа әсер етуі мүмкін екенін мойындайды. Бірақ олар заң бойынша рұқсат етілген және тек арнайы мақсат үшін орнатылғанын айтыпты.

«Елді-мекен маңында орналасқан түзеу мекемесінде арнайы байланыс сигналын бұғаттайтын құрылғы орнатылған. Бұл құрылғы ҚР ІІМ ережесіне сай орнатылған және заңды деп танылған. Министрлік бұл жағдайды заң бұзушылық емес дейді. Сол себепті байланыс сапасын жақсарту немесе құрылғыны өшіру шаралары қарастырылмаған. Дегенмен, тұрғындар бұл шешіммен келіспесе, жоғары органға шағымдана алады» деп жазылған министірліктің түсіндірмесінде. 

Скришнот: egov.kz II Мәдина Баймендина

Сонымен қатар, тұрғындар Kcell, Activ, Beeline, Қазақтелеком ұялы байланыс және интернет операторларына хабарласқанда олардың тарапынан барлығының дұрыс екенін ауыл маңында орналасқан байланыс бұғаттағышқа қарсы істей алар шара жоқ екенін және мәселені ауыл әкімдігімен талқылап шешуді айтқан.

«Ал ауыл әкімдігіне барған сайын бізді «шешіп жатырмыз», «шешу жоспарда бар, сөйлесіп жатырмыз» деген жалпылама қысқаша жауаппен шығарып салады. Жақында мектеп басталады, балалар сабақты қалай оқиды? Жақын арада шешіледі дегенге де сене алмаймыз», – дейді ауылдың мұңын жеткізген Баймендина.

Екінші мәселе Саумалкөл ауылының шет шағында орналасқан майнинг фермасы

Мәдина Баймендинаның айтуынша, Algorithm Ltd – криптовалюта өндіретін майнинг фермасы. Оның кімге тиесілі екенінен және не мақсатта тұрғанынан Айыртау ауданының әкімшілігі бейхабар екен. 

«Ол жерде шамамен 20 трансформатор және 4 электр желісі орналасқан. Барып қарасаң, құдды бір Саумалкөлді сорып жатқандай, айналасы тоққа толы. Бұл ауылдың шетінде бұрыннан тұр. Ешкім жауап бермейді. Кімге тиесілі екенін, не үшін тұрғанын түсіндіріп жатқан жоқ. Бізді қызықтыратыны – бұл заңды ма деген сұрақ. Өз бетімен тұр ма, жоқ па? «Ресми рұқсат қағазы немесе қандай да бір келісімшарты бар ма?» деген сауалмен ауыл әкіміне барғанымызда, бізді қысқа ғана жауаппен шығарып салды. Бар айтқаны: «тексеріп көрейік, кімге тиесілі екенін» деді. Менің түсінбей отырғаным – білдей бір аудан орталығының әкімі өз қарамағында ненің заңды, ненің заңсыз тұрғанынан хабарсыз ба? Ол майнинг фермасы электр энергиясын шамадан артық сорып алады деп ойлаймыз», – деді Баймендина. 

Фото: Мәдина Баймендина

Orda.kz тілшісі Algorithm Ltd деген компанияның шын мәнінде майнинг фермасымен қандай да бір байланысы бар-жоғын анықтап көрді. Иә, шынында да ғаламтордағы мәліметтерге сүйенсек, Algorithm Ltd компаниясының майнинг криптовалюта өндіру саласымен байланысы бар. Тіркелген жері — Астана. Бірақ, Нұр-Сұлтан қаласы деп көрсетілген. Компания директоры Крауклис Виетсурс қай елдің азаматы екені нақты ақпарат жоқ. Компания тіркеуінде «шетелдік меншік компаниясы» деген тарау бар. Algorithm Ltd құрылғалы бері жалпы 81,18 млн теңге салық төленген деп көрсетілген. 

Скриншот: ba.prg.kz

Сонымен қатар, Компанияның 2021 жылғы шілдеде Қытайдан ANTMINER S19 үлгісіндегі ASIC майнинг қондырғыларын импорттағаны туралы кедендік мәліметтер бар. Бұл қондырғылар криптовалюта өндіруге арналған және бұрын қолданылған. Компанияның өзі криптовалюта өндірумен айналысады деген нақты ақпарат жоқ. Бірақ майнинг жабдықтарын импорттау арқылы осы салаға қатысы бар екені анық. 

Скриншот: en.nbd.ltd

Сонымен қатар, жарыққа қатысты мәселе де тұрғындардығ мазасын алыпты. Баймендинаның айтуынша, биыл ақпан айына дейін тұрғындар жалпылама орта есеппен 10-13 мың теңге төлеп келсе, ақпаннан былай 20-24 мың төлейді екен. Екі есе өсіп кетті. Бұл жерде жарықты нақты қандай тариф бойынша есептейтінін тұрғындар білмейді. Олар әр кезде әртүрлі тарифпен есептейтінін нақты бекітілген тарифтің жоқтығы қиындық туғызады.

Саумалкөлде су тұрақты түрде берілмейді, ал кәріз сулары Саумалкөлге құйылады

Бұрындары су тұрақты түрде ағып тұрған екен. Мәдина Баймендинаның айтуынша, мамырдың 26-нан бері су 3-4 күнге сөндіріліп, кейде бір-екі күнге ғана берілген. (Материал жарыққа шыққан сәтте де су қайтадан өшірілгенін хабарлады). Сондай-ақ, Баймендина суға қатысты мәселені Айыртау аудандық әкімдігі «Саумалкөл жылу» ЖШС-нің 104 млн теңгеден астам қарызы болуына байланысты деп жеткізген. Артынша, елді мекенді сумен қаматамасыз етуді «Айыртау-Коммун-Сервис» ЖШС-ке тапсырғанын айтыпты.

«Көпбалалы анамын, кір жуу, ас әзірлеу, баланы күнделікті жуындыру қиын. Су жоқ, қоғамдық монша да істемейді. Жеке үйлерде бау-бақша мен малды суара алмай қалдық. Көпқабатты үйлерде кәріз жүйесі де тоқтады. Ал аудан әкімшлігі тұрғындарға «Саумалкөл жылу» ЖШС-нің Қазсушар облыстық филиалына электр қуаты және суға қарызына байланысты енді олармен жұмыс істемейтінін айтты. Қазіргі уақытта оның міндеті «Айыртау-Коммун-Сервиске» беріліп отыр», — дейді Баймендина.

Ауыл тұрғындары жаңадан келген «Айыртау-Коммун-Сервис» ЖШС-не деген сенімдерінің күпті екенін айтып отыр. Баймендинаның айтуынша, ғаламтордағы қолжетімді ақпарат көздерінде  «Айыртау-Коммун-Сервис» компаниясына қатысты  шектеу мен санкциялық шаралар, құқықтық және қаржылық тәуекелдері мен шектеулер бар екен.  

Сондай-ақ, Баймендинаның айтуынша, «Айыртау-Коммун-Сервистің» жұмысшылары 3 ай бойы жалақы ала аламай отыр екен. Алдағы мектепке не балаларын киіндіре алмай, не дүкендегі қарыздары мен алған несиелерін де төлей алмай отыр.

@jalobi_saumalkol

ОБРАЩЕНИЕ К Акимату Айыртауского района, ЖКХ и ТОО «Айыртау Коммун Сервис» Мы — простые работники коммунальной сферы, те, кто каждый день обеспечивает жизнедеятельность района. Уже третий месяц мы не получаем заработную плату. До сентября осталось десять дней. Как нам одевать детей в школу? Как платить за кредиты, алименты, лекарства? Как жить, когда нет ни копейки, а каждый день — это борьба за выживание? Мы не просим — мы требуем: верните нам то, что мы честно заработали. Вы кормите нас обещаниями, завтраками, отговорками. Но дети не питаются словами. Им нужны сапоги, тетради, еда. Нам нужны деньги, чтобы добираться на работу, чтобы не терять человеческое достоинство. Мы не безмолвные винтики — мы люди. И мы устали от молчания, от равнодушия, от бесконечного «ожидается финансирование». Где оно? Почему вы тянете время, когда каждый день — это унижение? Мы работаем во благо народа, но сами остались за бортом. Ваше бездействие — это предательство. Мы не хотим митингов, мы хотим справедливости. Верните нам зарплату. Верните нам право жить, а не выживать. Пусть это обращение станет последним криком, прежде чем МЫ ПОДАДИМ В СУД! @Телеканал КТК @ULYSMEDIA @Еуразия Бірінші арнасы МЫ ПРОСИМ ПОМОЩИ У ВАС СМИ!🙏🏼🙏🏼🙏🏼 SOS! @madina_baimendi #акиматсаумалколь #саумалколь #ЖКХСАУМАЛКОЛЬ #АКИМАТСАУМАЛКОЛЬ #жкхсаумалколь

♬ оригинальный звук - 𝗤𝗔𝗭 𝗧𝗢𝗜 𝗗𝗨𝗠𝗔𝗡 ✅

Саумалкөлдің кезекті бір мәселесі ол кәріз суларының тікелей барып Саумалкөлге құйылуы. Бұл ауылдың тұтастай экологиясына әсер етіп жатыр екен. Саумалкөлден балық аулап күнелтіп жүрген жұртшылық та көлдің уланып жатқанын айтыпты.

«Саумалкөлдегі көпқабатты үйлердің лас сулары Ақан-Сері, Пышное, Комаровка, Лавровка, Антоновка ауылдарына таралып, ормандар мен егістік алқаптарын батпаққа айналдырды. Инфрақұрылым мен ауыл шаруашылығына қауіп төндіріп, экожүйенің жойылу қаупін арттыруда. Бұрын бұл жерлерде бидай және басқа дақылдар өсірілсе, қазір олар егіске жарамсыз. Сүзгі алабына бетон бөгеттер қойылмағандықтан алаб кеңейіп, жаңа аумақтарды басып қалуда. Лас сулар жер асты құбырлары арқылы сүзгісіз және тазалаусыз жіберілуде. Орман алқаптары жойылып, ауыл шаруашылық жерлері батпаққа айналып, ауылдың экологиясына елеулі зиян келіп жатыр», — деді Баймендина.
@jalobi_saumalkol

ОФИЦИАЛЬНОЕ ОБРАЩЕНИЕ от Баймендиной М.М по факту экологического бедствия, вызванного разливом нечистот из отстойника МКР. 📍 1. География загрязнения и масштаб бедствия - Слив нечистот из отстойника МКР осуществляется в направлении населённых пунктов: Акан-Сере, Пышное, Комаровка, Лавровка, Антоновка. - В районе Лавровки образовалось озеро площадью в несколько гектаров на месте плодородных сельхозугодий. - По обеим сторонам трассы на Кокшетау — гектары погибших лесов, особенно берёзовые насаждения, что является прямым последствием многолетнего разлива нечистот. 🌲 2. Уничтожение природной среды - Много лет назад произошёл прорыв отстойника, в результате чего зловонные нечистоты затопили лесные массивы, овраги, дороги. - Поток нечистот доходил до здания дома инвалидов, проходил через овраги и асфальт, сливаясь в образовавшееся озеро. - Транспортные средства передвигались по слою нечистот, уровень которых доходил до середины колёс автобусов. - После этого инцидента леса погибли, образовались болота, нарушена экосистема региона. 🚧 3. Угроза инфраструктуре и сельскому хозяйству. - На участке трассы от Антоновки до Лавровки нечистоты подступают вплотную к дорожному полотну. - Ранее на этих землях выращивались сельскохозяйственные культуры — пшеница и другие. - В настоящее время земли непригодны для сельхозработ, что наносит ущерб продовольственной безопасности района. ⚠️ 4. Нарушения и отсутствие защитных мер - Вокруг отстойника должны были быть сооружены бетонные дамбы, однако эти работы не были выполнены. - Отстойник продолжает расширяться, создавая угрозу затопления близлежащих территорий. - Сброс нечистот осуществляется по подземным трубам из МКР, без должного контроля, фильтрации и очистки. 📌 5. Последствия и риски - Загрязнение охватывает значительную часть Айыртауского района. - Уничтожены лесные массивы, болота вытесняют сельхозугодья. - Существует реальная угроза затопления населённых пунктов, порчи инфраструктуры и дальнейшего разрушения экосистемы. 📣 Настоятельно требуется: - Проведение комплексной экологической экспертизы. - Срочное проектирование и строительство защитных дамб. - Привлечение к ответственности лиц, допустивших халатность. - Введение постоянного мониторинга состояния отстойника и канализационной системы МКР С уважением, БАЙМЕНДИНА МАДИНА @madina_baimendi #SOS #ecologiya #жалобасаумалколь #экологическаякатастрофаско #скосаумалколь

♬ Дайдидау - Aigul Ulkenbayeva

Мәдина Баймендина ауылдың осы мәселелеріне байланысты аудан, облыстық деңгейде барлық органдарға шағым жазып, сұрау салған екен. 

Қазіргі уақытта Баймендина ауылдың оншақты белсендісімен қосылып осы мәселелер бойынша петиция жазып, 1000-ға жуық тұрғынның қолын жинағанын айтты. Енді соны ары қарай толықтырып президент аппаратына жіберуді жоспарлап отыр.

«Себебі әне-міне дегенше алда балалар мектепке барады. Ал байланыс пен ғаламтор атымен жоқ. Оған қоса «қыс та қылышын сүйреп келемін» дегенше су мәселесі тұрақталмаса жағдайымыз қиындайды», — деді Саумакөлдің жағдайынан хабар берген Мәдина Баймендина. 

Әкімдік не дейді?

Біз осы мәселелерді жіпке тізіп Солтүстік Қазақстандағы Айыртау ауданына сұрау жолдадық. Байланысқа қатысты мәселенің бар екенін әкімдік мойындап отыр.

«Жабдық жеткізуші «Barys E&T» ЖШС-не жүйені қайта баптау және калибрлеу арқылы қосымша сәулеленуді азайтып, оның қорғалатын аймақтан тыс әсерін болдырмау жөнінде ресми талап жолданды. Жұмыстар аз уақытта жүргізіледі. Нәтижесі қосымша хабарланады. Бүгінгі күні №51 мекемеде орнатылған үш байланыс бөгегіштің біреуі өшірілген. Дегенмен, бұл ауылдағы байланыс пен интернет сапасын жақсартқан жоқ. Халықтан шағымдар әлі де түсіп жатыр» деп жазылған Айыртау ауданы әкімдігінің байланысқа қатысты түсіндірмесінде. 

«Algoritm Ltd» компаниясының Саумалкөл аумағында орналасқанын растады.

«Айыртау ауданы Саумалкөл ауылында «Algoritm Ltd» жекеменшік кәсіпорнының майнинг операциялары есептеу орталығы орналасқан. Жоба 2020 жылдың шілде айында басталып, нысан 2021 жылдың ақпанында пайдалануға берілген. Орталықтың өндірістік қуаттылығы — 16,5 МВт, 28 тұрақты жұмыс орны ашылған», – деп қысқа қайырды.

Айыртау әкімдігі бұл жекеменшіктің кімге тиесілі екенін анықтап айтпады. Сонымен қатар, тұрғындардыға «Айыртау-Коммун-Сервиске» қатысты сенімдерінің күпті екенін сұрадық. Бізге келген ресми жауапта Айыртау ауданы әкімдігінің қаулысына сәйкес бұл компаниямен еңбек шарттары Enbek.kz порталы арқылы рәсімделгендігін жеткізді.

«2025 жылғы 11 маусымдағы №198 Айыртау ауданы әкімдігінің қаулысына сәйкес, кәсіпорынға коммуналдық меншік мүлкі сенімгерлік басқаруға берілді. Сумен жабдықтау, су бұру және энергиямен жабдықтау бойынша тиісті ұйымдармен келісімшарттар жасалды. Еңбек шарттары Enbek.kz порталы арқылы рәсімделген» деп жазылған әкімдік түсіндірмесінде.

Сонымен қатар, әкімдік жаз мезгілінде суға қатысты мәселе болғанын да мойындап, қазіргі таңда қалыпқа келгенін жеткізді. (дегенмен, мақала жарыққа шыққан кезде де ауыл тұрғындары бізге суды әлі күнге ескертпей өшіріп тастап жатқандарын жеткізді).

«Саумалкөлде су беру қалпына келтірілді. «Айыртау-Коммун-Сервис» ЖШС 2025 жылы мемлекеттік кәсіпорын ретінде құрылып, ауылды жылумен және сумен қамтамасыз етумен айналысады. Қазіргі таңда тарифтер бекітілмегендіктен қаржы тапшылығы бар. Дегенмен, жылу маусымына дайындыққа 275 млн теңге бөлініп, су желілерін жөндеу үшін жаңа жабдықтар сатып алынды”  деп жазды Айыртау әкімдігі өз жауабында.

Ал кәріз суларына қатысты Айыртау әкімдігі жауабын қысқа қайырды. 

«Саумалкөлде шайынды суларды төгу мәселесін шешу үшін тазарту құрылғыларын және магистральдық құбырларды қайта жаңарту жобасының құжаттамасы дайындалған. Алғашқы құны – 5,5 млрд теңге (2022 ж.). Құжаттама бағаның өсуіне байланысты түзетіліп, қайта мемлекеттік сараптамаға жіберілмек. Қазіргі уақытта қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін «Айыртау-Коммун-Сервис» ЖШС қажетті құжаттарды рәсімдеп жатыр», делінген әкімдіктің жауабында.

СҚО-дағы Саумалкөлдің тұрғындарын сандалтқан мәселелерді «Еститін үкіметтің» назарына ұсынамыз. Тұрғындардың байланыссыз отыруы, судың тұрақты болмауы мен  кәріз суларының Саумалкөлге зиян келтіріп жатқаны ешкімді бей-жай қалдырмас. Себебі байланыс, су, таза экология бұл жиырма бірінші ғасырда қарапайым қолжетімді дүние болуы тиіс. Тұрғындарды айлар бойы сандалтпай, мәселе тез шешімін табады деп үміттенеміз. 

Orda.kz Саумалкөлдегі мәселені бақылап, алдағы уақытта ақпарат таратып отырады.



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар