«OrdaMed» АҚ басшылығы мемлекетке 4,5 млрд теңге көлемінде залал келтірді

cover Фото: freepik.com

Ұлттық қауіпсіздік комитеті фармацевтика саласындағы қылмыстық схемаларды ашты, деп хабарлайды Orda.kz. 

ҰҚК мәліметінше, «OrdaMed» АҚ басшылығы Қазақстан аумағында өз өндірісінің бар екені туралы жалған құжаттарды пайдаланған. Олар 28 атаудағы медициналық жабдықты мемлекеттік емдеу мекемелеріне жеңілдетілген шарттармен жеткізу бойынша заңсыз басымдыққа ие болған. Алайда іс жүзінде дайын медициналық жабдық шетелден жеткізілген. Нәтижесінде мемлекетке 4,5 млрд теңге көлемінде залал келтірілген.

«Тінту шаралары барысында «OrdaMed» АҚ басшылығынан құны 1 млрд теңгеден асатын инвестициялық монеталар тәркіленді, «Interdentica», «Erkin Brand» және «OrdaMed» компанияларындағы қатысу үлестері тыйым салынған»,  деп хабарлады ҰҚК. 

Сот санкциясымен «OrdaMed» АҚ-ның техникалық директоры, бұрынғы басқарма төрағасы және өндірістік басқарма басшысы қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.

Айта кетейік, Ақтөбе – Орынбор тас жолында болған жол апаты төрт адамның өмірін жалмады.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар