«Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
Фото: видеодан кадр
Шымкенттегі футбол матчы төбелеспен аяқталды, ойыншылардың тістері сынып, жақтары жарақаттанды, деп хабарлайды Orda.kz.
Шымкентте өткен «Ордабасы» мен «Ақтөбе» жастар командалары арасындағы жолдастық футбол матчы жаппай төбелес пен ауыр жарақаттармен аяқталды. Әлеуметтік желідегі мәліметке сәйкес, жанжал ойын барысында туған даудан кейін басталған.
Айтылған ақпаратқа қарағанда, шымкенттік команданың капитаны «Ақтөбе» ойыншысын ұрып жіберген. Осыдан кейін матч бірден жаппай төбелеске ұласып, ойыншылар бір-біріне қарсы шыққан. Соның салдарынан кездесуді тоқтатуға тура келген.
Төбелестен әсіресе ақтөбелік ойыншылар қатты зардап шеккен. Мәліметтерге сүйенсек, олардың бірінің жағы мен тісі сынған. Тағы бір футболшының ерні қатты жырылған.
Бұл жағдайға «Ақтөбе» футбол клубы да пікір білдіріп, болған оқиғаны айыптады және құзырлы органдар тарапынан әділ тергеу жүргізіледі деген үміт білдірді.
«Ақтөбе» футбол клубы кез келген зорлық-зомбылықты қатаң айыптайды және тиісті органдар бұл оқиғаға мұқият тергеу жүргізетініне сенім білдіреді. Сондай-ақ клуб жарақат алған жас спортшыларымызға тезірек сауығып кетуін тілейді және олардың емделуі үшін барлық қажетті көмекті көрсетеді» деп жазылған клуб хабарламасында.
Бұл оқиға әлеуметтік желілерде үлкен резонанс тудырды. Оқырмандар Қазақстан футбол федерациясынан реакция білдіруді, оқиғаны жан-жақты тексеруді және төбелеске қатысқандардың әрекетіне қатаң баға беруді талап етуде.
Еске сала кетейік, ақпан айында жекпе-жек кезінде спортшының комаға түскені туралы да жазған едік. Оның әпкесінің айтуынша, жекпе-жек барысында қарсыласы қауіпті әдіс қолданғаннан кейін спортшы әрең тұрған, бағдарын жоғалтқан, бірақ соған қарамастан жекпе-жек тоқтатылмаған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады
- Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды
- Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай өтпейді — Иран
- Астанада ауа райы қолайсыз: Кейбір оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
- АҚШ Ауғанстанды заңсыз қамауларды қолдайтын мемлекет деп таныды
- Демалыс күндері Таяу Шығыста не болды: Ирандағы соғыс, мұнай бағасының шарықтауы
- Трамп: АҚШ Иранға жасалатын соққы қарқынын 20 есе арттыруы мүмкін
- Қырғызстанда мектеп маңында зиян тағам сатуға тыйым салынады
- Тегеран Түркия, Әзербайжан және Кипрге шабуыл жасамаған — Иран СІМ