Оралда тұтқындар мен күзетшілер арасында төбелес болды

cover

Оралда тергеу абақтысында екі тұтқын серуендеу кезінде күзетшілермен жанжалдасып қалған.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Оқиға 2020 жылы мамыр айында орын алған. Бүгін Орал қалалық соты бұзақыларға қатысты үкімін шығарды.

Орал тергеу изоляторы аумағында жазасын өтеуші екі тұтқын серуенге шыққанда есікті ұрып, түкіріп, боғауыз сөздерді айта бастады. Бақылаушы оларға ескерту жасаған, бірақ олар оны елемеген. Онымен қоса, тұтқындардың бірі оны ұрып жіберген. Үш қызметкер күресіп жатқан ер адамдарды ажыратуға тырысты. Екінші тұтқын тергеу изоляторының қызметкерлерін тепкен, - деді БҚО прокурорының аға көмекшісі Әсел Беркалиева.

Тұтқындар өз кінәсін мойындамады. Олар «күзетшілер өздері арандатты» дейді.

Бұған дейін кісі өлтіру және бұзақылық жасағаны үшін сотталған екі тұтқын жазасын 13,5 жыл емес, 14,6 жыл өтейтін болды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар