Оралда күшті әсер ететін улы зат табылып, төтенше жағдай жарияланды

Өткен аптада Оралда күшті әсер ететін улы заттың табылғаны белгілі болды. Төтенше жағдайды жоюға ТЖ департаменті тікелей қатысты.
Жергілікті биліктің шешімі ашық НҚА порталында жазылды.
— Орал қаласында күшті әсер ететін улы заттың табылуына байланысты жергілікті ауқымда табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын, - делінген Орал басшысы бұйрығында.
Орал қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Амангелді Ешмұханов алдын ала ақпарат бойынша улы зат 300-400 миллилитр көлеміндегі сынап екенін хабарлады.
— 2 маусымда бізге күшті әсер ететін улы затты анықтау бойынша жедел шаралар өткізу туралы ақпарат түсті, ол сынап деп болжанып отыр. Осыған байланысты біз бірқатар іздестіру шарасын өткіздік. Халықты көшіру, улану қаупін болдырмау үшін жергілікті ауқымда төтенше жағдай режимін жариялау туралы шешім қабылданды. Улы зат зират аумағынан табылды, - деді төтенше жағдайлар қызметінің өкілі.
Жергілікті билік қазір тұрғындардың денсаулығы мен жағдайына ешқандай қауіп жоқ екенін айтты. Экология департаменті қызметкерлері тексеру мақсатында уды зертханаға апарды.
Жаңалықтар
- «Тарихи мұра»: Қазақстандағы көне таңбалар бар жерге Қытай компаниясы зауыт салады
- Қазақстан Ауғанстандағы теміржол құрылысына жарты миллиард доллар инвестиция салады
- Тілін кесті: Ақтөбеде саябақта тоқ соққан баланың анасы кінәлілерді жазалауды талап етті
- Азаматтыққа қабылдау үшін қазақ тілі мен тарихын білу талаптары өзгеруі мүмкін
- Наразылық пен балалардың үндеуіне қарамастан, Алматыдағы балалар үйі Қонаевқа көшірілмек
- Қызылордада полицияны басынған жасөспірімдер мен олардың ата-аналары жазаланды
- Алматы Сеулге айналды: Үнді фильмінің түсірілімі қаланың келбетін қалай өзгертті?
- Ректор болу үшін 200 мың доллар төлеген Айман Мұсақожаева алаяқтарға жем болды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- «Ем-домды карцерде жасады»: Денсаулығы нашарлаған Думан Мұхаммедкәрімнің түрме басшылығына жазғаны
- Тасмағамбетовтің күйеу баласы украиналық «БТА Банкті» сатылымға шығарды
- «Бір кереует 1,2 млн теңге»: Қызылорда облыстық инфекциялық ауруханасындағы былық ашылды
- «Азаттық радиосы» журналистері Сыртқы істер министрлігін сотқа бермек
- Алматы тауларында жоғалған ҚБТУ студентінің мүрдесі табылды
- Дикий Арманның сыбайласы Дубайдан экстрадицияланды
- Тоқаев Назарбаев айырылған лауазымға ие болды
- Ресейде тағы бір қазақстандықты «мемлекетке опасыздық жасады» деп 17 жылға соттады
- Алматы облысында 10 жастағы баланы иттен құтқарып қалған тұрғын марапатталды
- Назарбаев дәуірінің ізі: ҚТЖ-ның жаңа басшысы Талғат Алдыбергенов туралы не белгілі?
- Жамбыл облысының тұрғыны көмекке келген фельдшердің кеудесіне оқ атты