Оралда белгілі кәсіпкерді өлтірді

cover

12 қараша күні таңертең кәсіпкер Сергей Губер жарақатпен ауруханаға жеткізіліп, сол жерде қайтыс болды.

Расталмаған мәліметтерге сәйкес, Губер қаладағы дәмханалардың бірінде ауыр жарақат алған.

Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті қамауға алынды.

«Жедел іздестіру іс-шаралары барысында ҚІІБ криминалдық полиция бөлімі мен Орал ПБ Абай ПБ қызметкерлері қылмысқа күдіктіні анықтады. Ол Орал қаласының 42 жастағы тұрғыны болып шықты. Оның бұрын соттылығы болмаған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды» деп хабарлады Батыс Қазақстан полиция департаменті.

Оралдық кәсіпкердің иелігінде ең ірі көлік жөндеу орталықтарының бірі - Ural Car City және автокөлік тауарлары дүкендері, соның ішінде Ural Car City бизнес орталығы болған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар