Оралда әкімдік алдында аштық жариялаған белсендіні полиция ұстады
Фото: Темірлан Иманғалиев/ uralskweek.kz
62 жастағы белсенді Бекболат Өтебаев 29 қазанда қала әкімдігі алдында наразылық акциясын бастаған. Бүгін таңертең оны полиция ұстап әкетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Ер адам әкімдік алдында «Аштық. Бейбіт жиын өткізу құқығын талап етеміз» деген жазуы бар плакат ұстап тұрған. Оның екінші топ мүгедектігі бар. Өтебаевтың сөзінше, ол әкімдікке қымбатшылыққа қарсы митинг өткізетінін айтып, төрт рет өтініш берген. Алайда әкімдік түрлі сылтау айтып, рұқсат бермепті.
Айта кетейік, Бекболат Өтебаев бұған дейін де наразылық акциясына шыққан. Ол 2022 жылғы 28 қаңтарда Орал қаласында «Нұр Отан» партиясының съезіне қарсы жалғыз адамдық пикет өткізген. Көп ұзамай Бекболат Өтебаевты полиция ұстап әкетті. Ақпаратқа сәйкес, пикетті видеоға түсірген белсенді Маруа Ескендірованы да полиция ұстаған.
Еске салайық, Париждегі Лувр мұражайын тонаған үшінші күдікті қолға түсті.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады