Орал маңындағы ауылда оқушылар пышақтасты

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы мектептердің бірінде оқушы қатарласын пышақтап тастады, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқушылар арасындағы жанжал өршіп, соңында бір оқушы екіншісіне пышақ сұғып алды. Жарақат алған оқушы өз бетімен жедел жәрдем көлігіне жетіп, ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккен баланың жағдайы бір қалыпты. Ал жарақат салған бала ұсталды. Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Полиция басқармасы оқиғаға қатысы бар кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылатынын мәлімдеді.
Балалар құқығын қорғаушы Динара Зәкиева шабуылдаған баланың анасынан айырылғанын, әкесі мен әжесінің қолында тұратынын хабарлады. Оның айтуынша, отбасының баспанасы жоқ, бұрын апатты жағдайдағы үйде тұрған, жуырда басқа тұрғын үйге көшкен. Құқық қорғаушының сөзінше, мектепте бұл жасөспірім ерекше бақылауды қажет ететін оқушылар тізімінде болмаған.
«Қандай жағдай болса да, бұл қылмысты ақтамайды. Алайда бұл балалармен және олардың отбасыларымен жұмыс істеудің, жеке профилактикалық шаралардың сапасына назар аударудың қажет екенін көрсетеді», – деді Динара Зәкиева.
Материалдар аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жіберілді. Қылмыстық істі тергеуді Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті басшылығы өз бақылауына алған.
Жаңалықтар
- Техаста екі Қазақстан азаматы қолға түсті
- Алматы тауларында досымен төбелесіп жарақаттанған турист құтқарушыларды балағаттады
- Астанада 59 жастағы әйел отадан кейін көз жұмды
- Жапония тарихында алғаш рет әйел премьер-министр сайланды
- Түркістанда 15 жастағы қыз 71 жастағы туысынан бала көтерді
- Орал маңындағы ауылда оқушылар пышақтасты
- Қарағандыда полиция бекетіндегі қыздың өлімінен кейін полицейлер қызметінен босатылды
- Арыста кезекші дәрігер шырт ұйқыда жатқанда 4 жасар бала өліп қала жаздады
- Әлемге әйгілі Лувр мұражайын тонады: Макрон қарусыз келген ұрыларға қатысты мәлімдеме жасады
- «Ескі Қазақстан» шенеуніктерінің жаңа орны: Неге Атамқұлов Ташкентке, ал Абаев Мәскеуге кетті?
- Қытайда басы дауға қалған блогер қыз Өзбекстанда да жігіттерге «қырыңдады»
- Мектеп оқушылары күзгі демалыста 7 күн демалады
- «Шынайы жанкүйерлер келеді»: «Қайрат» ойын алдында баспасөз мәслихатын өткізді
- Қазақстанның футбол клубтары қай бай-бағланның қолына өтеді?
- Аттың жалына байлап сүйреген Айзаттың өлімін тергеу «кездейсоқ жағдай» деп атады
- Астана соты 5 адамды саяси қуғын-сүргін құрбаны деп танудан бас тартты
- Балалар бапкерінен Винисиусқа қарсы: «Бізге жеңіс керек» – Тапалов
- Алматыда таудағы жарыс кезінде 70 жастағы спортшы қайтыс болды
- Қытайда теңізге ұшақ құлады
- 2 млрд теңге жымқырған депутат қамауға алынды