Оңтүстік Кореяда ақыры президентке импичмент жарияланды

cover Фото: Yonhap

Оңтүстік Корея парламенті екінші рет дауыс беруден кейін президентке импичмент жариялады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Дауыс беру бүгін, 14 желтоқсанда өтті. Елдегі басқарушы «Азаматтық күш» партиясының 204 депутаты «иә» деп дауыс берген, 85-і қарсы болған. 

Дауыс беру нәтижесі президент партиясының бірқатар депутаттары да президент Юн Сок Ельді қызметтен шеттетуді қуаттағанын айғақтайды. Басқарушы партияның жетекшісі Хан Дон Хун осыған дейін құжатқа қарсы болса, қазір құжатқа дауыс беруге үндеген. 

Енді президент қызметінен уақытша кетуі керек. Конституция соты 180 күн ішінде оны қызметінен түбегейлі шеттету немесе өкілетін қалпына келтіру бойынша шешім қабылдауы керек. Президенттің міндетін уақытша премьер-министр атқарады. 

Еске сала кетсек, Оңтүстік Кореяда төтенше жағдай енгізілетіні 3 желтоқсан түнде хабарланды. Алайда ол өзінің 6 сағат күшінде болған жарлығын қайта алып тастады. Алайда әскер ғимаратты басып алайын деп жатқанда қатысқан жалпы 190 депутат президенттің шешімін алып тастау үшін дауыс берді. Заң бойынша бұдан кейін президент жарлықтың күшін жоюға міндетті болды. Оңтүстік Корея президентіне елден шығуға да тыйым салынды. Президенттің әйелі де күдікке ілінген

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар