Олимпиада ойындарында COVID-19-бен ауырғандар саны артуда

cover

Токиодағы Олимпиада-2020 ойындарында коронавирустың 7 жаңа жағдайы анықталды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

– Токиодағы (Жапония) жазғы Олимпиада ойындарының ұйымдастырушылары коронавирус жұқтырудың 7 жаңа жағдайы анықталғанын жариялады, - деп хабарлады жарыстың ресми сайты.

Сынақтың оң нәтижесі екі шет ел спортшысы мен мердігер және қызметкерлерден шықты.

Жалпы Олимпиада ойындарында коронавирустың 160 жағдайы тіркелген.

Токиодағы Олимпиада ойындары 2020 жылдың 24 шілдесінен 9 тамызына дейін өтуі керек еді. Бірақ байқау бір жылға шегерілді. Себеп – COVID-19 пандемиясы. Енді аталған жарыс биылғы 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтіп жатыр. Ұйымдастырушылар ойындарды шетелдік жанкүйерлерсіз өткізуге шешім қабылдады, ал жергілікті көрермендер Жапонияның алты префектурасында, оның ішінде Токиода өтетін олимпиадалық шараларға жіберілмейді. 

Еске салсақ, Қазақстан атынан Олимпиада ойындарында спорттың 27 түрінен 96 спортшы қатысуда.

Олимпиада өтіп жатқан Жапонияның астанасы Токиода коронавирустық инфекциялардың рекордтық өсімі тіркелді.

Жергілікті Mainity газетінің хабарлауынша, коронавирусты жаңа жұқтырғандар саны тәулігіне үш мыңнан астам адамға жетіп отыр.

NHK телеарнасы өз кезегінде 2848 жаңа инфекция туралы айтты.

Соңғы рекорд ​​7 қаңтарда күні - 2520 адам тіркелген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар