Олимпиада – 2020: Василий Левит жеңіліп қалды

cover

Рио-2016 күміс жүлдегері, қазақстандық боксшы Василий Левит Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында жеңіліп қалды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

91 келіге дейінгі салмақта өткен 1/8 финалда Левит испаниялық Эммануэль Рейеске есе жіберді. Испаниялық қарсыласы екінші раундта күш алып, Левитті нокаутқа түсірді

Бұған дейін бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы 2020 жылғы Олимпиададағы алғашқы жеңілісіне ұшыраған болатын. 69 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Абылайхан Жүсіпов 1/8 финалда жеңіліп қалды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар