Неліктен Израильдің Иранға жасаған шабуылы Қазақстанға пайда әкелді?
• Фото: Mehr News Agency / Wikimedia Commons, CC BY 4.0.
Израиль Иранға жасаған әуе соққысымен Таяу Шығыстағы онсыз да күрделі жағдайды одан әрі ушықтырды. Дегенмен бұл шабуыл Қазақстанға күтпеген экономикалық пайда әкелді, деп хабарлайды Orda.kz.
Әлемдік нарықта мұнай бағасы көтеріліп жатыр, ал бұл Қазақстан экономикасы үшін тиімді. Экономист Руслан Сұлтанов Tengenomika Telegram-арнасында жариялаған жазбасында соққыдан кейін Brent маркалы мұнай фьючерстері шамамен 6%-ға өсіп, барреліне 73 доллардан асып кеткенін атап өтті. Кейбір келісімшарттарда баға 75,58 долларға дейін жеткен. Бұл — соңғы екі айдағы ең жоғары көрсеткіш.
Иранға жасалған шабуыл Таяу Шығыстағы дағдарысты тереңдете түсті: Тегеран жауап соққы беруге дайындалып жатыр, АҚШ аймақтағы әскери базаларынан персоналын эвакуациялауда, ал мұнай тасымалына төнген қауіптің артуы бағаға тікелей әсер етіп отыр.
«Шиеленістің күшеюі — әлемдегі мұнайдың шамамен 20%-ы өтетін Ормуз бұғазындағы тұрақтылыққа қатер төндіреді. Бағаның өсуіне АҚШ-тағы мұнай қорының 3,6 миллион баррельге азаюы мен инфляция деңгейінің төмендеуі де ықпал етті. Бұл факторлар Федералдық резерв жүйесінің қыркүйекте мөлшерлемені төмендетуі мүмкін деген үмітті күшейтті», — дейді Руслан Сұлтанов.
Қазіргі уақытта Иран мұнай өндіру көлемі соңғы бес жылдағы ең жоғары деңгейге жетіп отыр — тәулігіне 3,3 миллион баррель. Оның шамамен жартысы әлемдік нарыққа экспортталады, бұл — жаһандық ұсыныстың 2%-ына жуық. Қазақстан да осыған ұқсас көлемде мұнай өндіреді.
«Геосаяси турбуленттік басталды. Енді мұнай бағасы тек ұсыныс пен сұранысқа ғана емес, мемлекетаралық қайшылықтарға да тәуелді бола бастады. Қазақстан үшін бұл жағдай экспорттан түсетін табыстың артуына, теңгенің нығаюына және Ұлттық қор кірісінің өсуіне ықпал етуі мүмкін. Алайда мұндай өсімнің қанша уақытқа созылатыны белгісіз. Геосаяси ахуал кез келген сәтте күрт өзгеруі мүмкін», — деп атап өтті Сұлтанов.
Әзірге Израильдің Иранға жасаған шабуылы Қазақстанның пайдасына шешіліп отыр. Бірақ алдағы уақытта АҚШ-тың араласуы немесе Ормуз бұғазындағы тасымалдың тоқтауы жағдайды мүлдем басқа арнаға бұруы ықтимал.
Шиеленістің күшеюіне байланысты инвесторлар қауіпсіз актив ретінде алтынға бет бұра бастады. Қазақстан бұл асыл металды өндіруші елдердің бірі.
«Инвесторлар сенімді бағыт — қауіпсіз активтерге көшуде. Алтын бағасы 46,5 долларға, яғни 1,37%-ға өсіп, унциясы 3448,92 долларға жетті. Бұл — соңғы айлардағы тұрақты өсімнің жалғасы. Асыл металл жаһандық қауіптің индикаторына айналып барады», — дейді экономист.
Еске салсақ, бұған дейін Израиль «Арыстан ұлты» операциясы аясында Ирандағы әуе соққысынан кейін Ислам революциясы сақшылар корпусының басшысы, генерал Хоссейн Салами қаза тапты. Бұл жағдай аймақтағы ахуалдың одан әрі күрделеніп жатқанын аңғартады. Жағдайдың толық мән-жайы алдағы материалдарда жарияланады.
Сонымен қатар, сыртқы істер министрлігі Израильдегі Қазақстан азаматтарына үндеу жолдады.
Жаңалықтар
- Меруерт Өтекешова Қазақстанның халық әртісі атанды
- Алматы маңынан ежелгі жануарлардың жүзден астам қаңқасы табылды
- Ақтөбеде жындыханаға тоғытылған 5 баланың анасы сап-сау болып шықты
- Назарбаевтың немересінің қос азаматтығы мен Мәскеудегі жылжымайтын мүлкі әшкереленді
- Ақтөбелік тұрғын әріптесіне 7,7 млн несие алғызып, өлтіріп көміп тастады
- Төбелес шығарып, бірін-бірі соққыға жыққан Жаңаөзендегі оқушы қыздар жауапқа тартылады
- Марқұм Шерзат Полаттың отбасы жаңа баспанаға көшті
- Ташкентте жігіттерге «қырындаған» қазақ қызының үстінен іс қозғалды
- Елдос Сметов Олимпиададан кейін сыйға алған Mercedes көлігін сатылымға қойды
- Талдықорғанда 17 жыл іздеуде болған қылмыскер қолға түсті
- Ақтөбеде жол апатынан зардап шеккендер Астанаға санавиациямен жеткізіледі
- Депутаттар қалашығы: Астанада сегіз миллиард теңгеге сатылып жатқан сарайдың иесі кім?
- Ақтөбе облысында жол апатынан мерт болғандар арасында 3 жасар бала бар
- Сенат ЖИ туралы заңды мәжіліске қайтарды
- Күзетшіні жамбасқа лақтырған дзюдошы қыз әлемнің вице-аруы атанды
- Қазақстандағы ВТБ банкіне Еуроодақ санкция салды
- «Таң қашан атады?»: Алматыда дәрігерлердің салғырттығынан 2 жасар қыз қайтыс болды
- Батыс Қазақстанда украинша жазуы бар дрон сынықтары табылды
- «Ит құрлы көрмейді»: Думан Мұхамедкәрім мен Әйгерім Тілеужанның жағдайы нашарлады
- «Бір адам қаза тапты»: Талғарда қызметтік көлікпен аң аулауға шыққан әкім жол апатына ұшырады