Үндістанда белгісіз аурудан 32 бала қаза тапты

cover

Үндістанның Уттар-Прадеш штатында белгісіз аурудан 32 бала мен 7 ересек адам қайтыс болды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Үндістанның Уттар-Прадеш штатының денсаулық сақтау министрі Джай Пратап Сингх өткен аптада бірнеше ондаған адамның өмірін қиған жаңа аурудың пайда болуы туралы түсінік берді.

Үнді билігі жаңа, бұрын белгісіз ауруды анықтау жағдайларын тергеуді ерекше бақылауда ұстайды.

Уттар-Прадеш билігі хабарлағандай, ауру болған жерде денге безгегі себеп болуы мүмкін.

- Мұндай жағдайлардың өршу себебі әлі де зерттелуде, бірақ белгілері – денге безгегі. Біз бұл туралы мемлекеттік органдарға хабарладық, - деді денсаулық сақтау жөніндегі бас хатшының орынбасары Амит Мохан Прасад.

Қазіргі уақытта 39 адам қайтыс болды, олардың 32-сі балалар.

Денге безгегі — бұл маса шағуы арқылы берілетін вирустық инфекция. Ол Оңтүстік-Шығыс Азияда кең таралған. ДДСҰ мәліметтері бойынша, арнайы ем жоқ, вакцинаны тек бір рет ауырған адамдарға қолдануға болады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар