«Үнді» штамы қаншалықты қауіпті? Сарапшы пікірі

cover

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин «Үнді» штамының алдын алу үшін санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаңдату бойынша тапсырма берді. «Үнді» штамы деген не және ол кімдерге жұғады?

Бұл туралы Orda.kz нейрохирург дәрігер Мыңжылқы Бердіқожаевтың пікірін сұрады.

Мыңжылқы Бердіқожаев

«Үнді» штамынан келетін қауіп қандай?

 – Бұл Covid-тің өзі ғой. Өткенде «Британ» штамы, «Бразилия» штамы деді, бұл соның бір түрі. Мутацияға ұшыраған түрі. Бұл әдеттегі коронавирустан екі-үш есе тезірек тарайтын түрі ғой. Вирус тезірек тарайды, вакцина салдырған адамдар да ауруы мүмкін. Вакцина алған адамдар ауырған күннің өзінде жеңіл ауырады,- дейді нейрохирург.

2019 жылдағы жағдай қайталанып, қатаң карантин бола ма?

 – Мүмкін. Мәскеуде солай болып жатыр ғой, қазір. Егер бізде адамдар жаппай бір уақытта ауырып, ауруханадағы төсектер жетіспей жатса, карантин болады. Карантин енгізудің крийтериі бойынша — ауруханадағы төсек-орындардың 70 пайызынан астамы толған болса,- дейді Мыңжылқы Бердіқожаев.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар