Назарбаевтың немересі Давоста менталды денсаулық туралы дәріс оқыды
Фото: The Spark of Light
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрәлі Әлиев Давоста өткен Дүниежүзілік экономикалық форум аясында менталды және ми саулығына арналған іс-шарада сөз сөйледі, деп хабарлайды Orda.kz.
Ол «Ақылды сауықтыру, даналықты кеңейту: руханият, зерттеулер және төл білім» тақырыбындағы спикерлердің бірі болды.
Іс-шара Mental Health Day in Davos тақырыбында өтті. Форумға менталды денсаулық саласында жұмыс істейтін инвесторлар, қор жетекшілері мен жаһандық бизнес көшбасшылары жиналды.
Қатысушылар психикалық денсаулық экожүйесін дамытудағы жаңа тәсілдерді, нейротехнологияларды, «ми капиталы» ұғымын және жастарды қолдау мәселелерін талқылады.
Талқылауға сондай-ақ келесі тұлғалар қатысты:
– Бразилиядағы байырғы халықтардың көшбасшысы Бираси Никсиваке Яванава,
– тибеттік буддист ұстаз Друпон Церинг Ринпоче,
– Колумбия университетінің профессоры Лиза Миллер,
– модератор — The Founder Spirit подкастының жүргізушісі Дженнифер Ву.
Нұралі Әлиев The Spark of Light жобасының негізін қалаушы ретінде сөз сөйлеп, менталды денсаулық саласында рухани тәжірибелер мен ғылыми тәсілдерді біріктіру жөніндегі өз көзқарасын ұсынды.
Нұрәлі Әлиев - қазақстандық бизнесмен, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тұңғыш немересі, Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің ұлы. 2025 жылы Forbes оны ең бай 75 қазақстандықтар тізіміне енгізді. Ол кезде ол 39-шы орынды иеленді.
Айта кетейік, бұған дейін Назарбаевтың немересі өзін тәлімгер ретінде жариялап, рухани жоба бастағанын хабарлаған еді.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады