Мыңдаған туристі күттіріп қойған Анталия әуежайындағы ереуіл

cover Фото: Pixabay

Анталия әуежайында халықаралық рейстер кешігіп жатыр. Сондай-ақ,  Қазақстанға келетін рейстер де кешікті.

Бұл туралы Orda.kz тілшісі хабарлады.

Қазір жағажайға жазғы демалысқа асығатын туристер үшін де әуекомпаниялары үшін де бұл қиын жағдай болып отыр. Келеңсіздіктің басты себебі — әуежай қызметкерлерінің ереуілі болды. Авиадиспетчерлер жұмыс істеуден мүлде бас тартты.  Істесе де жартылай істеді. Бұл ұшу кестесіне едәуір өзгерістер әкеліп отыр. Әуежай қызметкерлері жалақыны көбейтіп, еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп жатыр.

Әуежайдың қалыпты жұмысының бұзылуы әуе компанияларды айтарлықтай қаржылық шығынға ұшыратты. Ал жолаушылар бұл келеңсіздікке наразы болып отыр.

Кейбір қалаларға рейстер кенет тоқтатылғаннан кейін наразы жолаушылар да әуежай ғимаратында дау туғызып, кейін әуе компаниясының кеңсесіне бір-ақ кірді.

Ал олар рейстердің тоқтап тұруы 3 сағаттан 14 сағатқа дейін созылуы мүмкін екенін және рейстерді бір күнге кейінге қалдыру жағдайлары болғанын айтты. Әуе жоспарының бұзылуы және басқа да келесіздіктер қазақ халқына да ақшалай ауыртпалық салып отыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар