Мыңжылқы Бердіқожаев: «жасыл» аймақ, вакцина, «Ashyq» қосымшасы туралы

Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» және «сары» аймақтан шығып, «жасыл» аймаққа өтті. Бұл бөркімізді аспанға, бетпердені қоқысқа лақтыруға болады деген сөз бе? Коронавирус таралуы тоқтаса вакцина салдырмаймыз ба?
Осы және өзге де сұрақтар бойынша Orda.kz журналисі Алматыдағы орталық клиникалық аурухананың нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Мыңжылқы Бердіқожаевпен әңгімелесіп көрді.
Қазақстан коронавирус өршуінің «жасыл» аймағына өтті деген қауіптің сейілгені ме, әлде жаз айларындағы тыныштық па?
– Бұл жағдайға екі түрлі қараса болады. Бір жағы адамдардың көбісі ауырып болып, жазылып шығып жатыр, екінші жағы екі миллионнан астам вакцина қабылдады. Ауру жұқтырғандардың санын қарасаңыз біртіндеп азайып келе жатыр.
Қазір күніне 1500-ден аз адам ауырып жатыр, оның бәрі ПТР тестпен анықталған. Бір жағынан толқынның төмен түсуі сәйкес келуі де мүмкін. Өйткені басқа елдермен салыстыратын болсақ, Ресеймен екі-үш ай айырмашылық бар бізде. Оларда коронавирустың өршуі қайтадан басталды. Жалпы коронавирустың таралуының өзі жоғары көтеріліп, төмен түсіп жатыр.
«Жасыл» аймаққа өтуіміз вакцинаның арқасы ма, олай болса қай вакцина тиімді?
– Менің ойымша, бұл инфекциялық процестің табиғаты сондай болып тұр. Вакцинаның қаншалықты әсері барын айту үшін шамамен 60 пайыз адам вакцина қабылдау керек. Қазір вакцина туралы айтсам жарнама сияқты болып қалуы мүмкін. Бірақ мен «Спутник V» вакцинасын қабылдадым. Себебі оны халықтың көбі алды, бір жылдай уақыт болды ғой салып жатқанына. Тексерістен өтіп жатқан вакцина.
Вакцинаны салдыру үшін осындай позитивті ақпарат тарап жатыр деп есептемейсіз бе?
– Егер вакцина салдыру керек болса «қызыл» аймақта тұрған кезде салдыратын еді.
«Ashyq» қосымшасы туралы не дейсіз?
– Ол қосымша қатты бір қауіпсіздікті сақтап тұрған қосымша емес. Себебі басқа біреудің суретімен де кіріп кете аласыз. Қорғалмаған қосымша десе де болады.
Жаңалықтар
- «Тарихи мұра»: Қазақстандағы көне таңбалар бар жерге Қытай компаниясы зауыт салады
- Қазақстан Ауғанстандағы теміржол құрылысына жарты миллиард доллар инвестиция салады
- Тілін кесті: Ақтөбеде саябақта тоқ соққан баланың анасы кінәлілерді жазалауды талап етті
- Азаматтыққа қабылдау үшін қазақ тілі мен тарихын білу талаптары өзгеруі мүмкін
- Наразылық пен балалардың үндеуіне қарамастан, Алматыдағы балалар үйі Қонаевқа көшірілмек
- Қызылордада полицияны басынған жасөспірімдер мен олардың ата-аналары жазаланды
- Алматы Сеулге айналды: Үнді фильмінің түсірілімі қаланың келбетін қалай өзгертті?
- Ректор болу үшін 200 мың доллар төлеген Айман Мұсақожаева алаяқтарға жем болды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- «Ем-домды карцерде жасады»: Денсаулығы нашарлаған Думан Мұхаммедкәрімнің түрме басшылығына жазғаны
- Тасмағамбетовтің күйеу баласы украиналық «БТА Банкті» сатылымға шығарды
- «Бір кереует 1,2 млн теңге»: Қызылорда облыстық инфекциялық ауруханасындағы былық ашылды
- «Азаттық радиосы» журналистері Сыртқы істер министрлігін сотқа бермек
- Алматы тауларында жоғалған ҚБТУ студентінің мүрдесі табылды
- Дикий Арманның сыбайласы Дубайдан экстрадицияланды
- Тоқаев Назарбаев айырылған лауазымға ие болды
- Ресейде тағы бір қазақстандықты «мемлекетке опасыздық жасады» деп 17 жылға соттады
- Алматы облысында 10 жастағы баланы иттен құтқарып қалған тұрғын марапатталды
- Назарбаев дәуірінің ізі: ҚТЖ-ның жаңа басшысы Талғат Алдыбергенов туралы не белгілі?
- Жамбыл облысының тұрғыны көмекке келген фельдшердің кеудесіне оқ атты