Мұрат Әбділдә түрме сахнасында өнер көрсетті

cover Фото: Бейнежазбадан кадр

Шымкент қаласының ҚАЖД әлеуметтік желісінде Мұрат Әбділдәнің түзету мекемесінде ән айтып тұрған бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды Orda.kz.

Колонияда шағын концерт ұйымдастырылып, блогер сахнада өнер көрсеткен. Қазір ол жазасын Шымкенттегі №54 мекемеде өтеп жатыр. Еркіндікке шыққан соң, блогер қайтадан шығармашылыққа оралатынын айтқан.

«Түрмеден шыққан соң шығармашылықпен,  әндеріммен айнылысамын. Жақсы жаңалық күтіңіздер», деді Мұрат Әбділдә.

Айта кетейік, Мұрат Әбділдә Қылмыстық кодекстің 174-бабы «Әлеуметтік алауыздық қоздыру» бойынша сотталған.

Өткен жылы ол шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған еді. Алайда пробация талаптарын бірнеше рет бұзғаны үшін, колонияға қайта жіберілді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар