Моңғолия Қазақстанға ет пен мал экспорттауды жоспарлап отыр

cover

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қоршаған ортаны қорғау, азық-түлік және ауыл шаруашылығы жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы, Моңғолия Мемлекеттік Ұлы Хуралының депутаты Хаянгаа Болорчулуун бастаған Моңғолия делегациясымен кездесті.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Тараптар ветеринарлық саладағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды. Онда ет пен мал шаруашылығын Қазақстанға экспорттауды және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институттарының ынтымақтастығы талқыланды.

– Бірлескен кәсіпорындар құру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өзара жеткізуді жолға қою Қазақстан мен Моңғолия арасындағы ұзақ мерзімді сауда-экономикалық ынтымақтастықтың саласына айналуы мүмкін, - деді Ербол Қарашөкеев кездесуде.

2021 жылдың жеті айының қорытындысы бойынша елдер арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы 7,2 млн АҚШ долларды құрады.

– Еліміз арасындағы сауданы дамыту әлеуетін одан әрі арттыру үшін зор перспективалар бар деп есептеймін, - деп атап өтті Ауыл шаруашылығы министрі.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар:

  • Аграрлық сектордағы мәселелердің барлық кешені бойынша жемісті және өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға;
  • Жақын арада министрлердің орынбасарлары деңгейінде ауыл шаруашылығы саласында жұмыс тобын құруға келісті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар