Алматыда Арон Атабекті еске алу шарасы өтті

28 қараша күні Алматы қаласы Абай-Достық қиылысында орналасқан Абай Құнанбаев ескерткішінің алдында Арон Атабекті еске алу шарасы өтті. Orda.kz тілшілері оқиға орнынан хабар таратты.
24 қараша күні өмірден өткен диссидент ақынды еске алуға қызы Айдана Айдархан бастаған жиырмаға жуық жастар келді. Іс-шараға қатысушылар Арон Атабектің өлеңдерін және ақынға арнауларын оқыды.
Шараның басында Айдана Айдархан микрафонды алды. Ол әкесі қайтыс болғанымен, «демократия үшін» күрес жалғасатынын айтты.

Әкімдік қызметкері келіп, митингінің заңсыз екенін және бес күн бұрын хабарландыру берілмегенін дыбыс ұлғайтқыш арқылы ескертті. Екінші тарап «ақынның өлімі-халықтың өлімі» деп ұрандай кетті. Бүгін 28 қараша, егер бүл шара туралы бес күн бұрын ескерту керек болса, онда ол Арон Атабек қайтыс болардың алдындағы күнге түседі екен. Orda.kz журналисі әкімдік қызметкері Айдар Есенбековке осы туралы сұрақ қойды. Есенбеков митинг заң шеңберінде белгіленген орында өтуі тиіс екенін алға тартты.
Ескерткіш маңынан полиция өкілдері көрінбеді. Тек акция басталмас бұрын бір полиция қызметкерлері БАҚ өкілдерінің қызметтік куәліктерін көрсетуін сұрап, суретке түсіріп алды. Редакция журналисінің «неге?» деген сұрағына, «БАҚ аккредитациясы» деп жауап берді.

Жастар жиналған жерге «Nur Otan» партиясын сынағаны үшін сотталған Әлнұр Ильяшев та келді. Ол өзінің мұндай іс-шараға заң жүзінде қатыса алмайтынын, тек Арон Атабектің құрметі үшін келгенін айтты.

– Маған заң жүзінде бұл жерге келуге болмайды. Дегенмен мен келдім. Мен ешкімнен қорықпаймын, мені Арон Атабек секілді соттасаңдар да мейлі. Осы жерде мені камераға түсіріп жүрген әкімдік қызметкерлері және тағы басқалары бар. Түсіре беріңдер, - деді Ильяшев.
Бір сағатқа созылған митингтің соңы Арон Атабектің суретін ескерткіш алдына қойып шырақ жағып, бір минут үнсіздікпен еске алумен аяқталды.
Фото/видео: Orda.kz
Диссидент ақын Арон Атабек осы аптада қайтыс болды. 26 қарашада оны ақтық сапарға шығарып салуға 200-ден астам жиналды. Еске салайық, Атабек түрмеден босатылғаннан кейін екі айдан аз уақыт өткен соң қайтыс болды.
Арон Атабек «Шаңырақ ісі» бойынша сотталды. 2006 жылы Алматының шетіндегі Шаңырақ шағын ауданының тұрғындары үйлерін бұзуға келген полицияға қарсылық көрсетті. Сот шешіміне сәйкес, тұрғын үйлер заңсыз салынған.
Қақтығыста 24 жастағы полиция қызметкері қаза тапты, оны бензин құйып, өртеп жіберген. Атабек пен тағы үш адам оны өлтірді деп айыпталды. Ақын 18 жылға бас бостандығынан айрылды. Алайда, куәгерлер Арон Атабек офицерді өлтірмегенін, керісінше оған көмекке бірінші болып жүгіргенін айтқан.
Жаңалықтар
- «Тарихи мұра»: Қазақстандағы көне таңбалар бар жерге Қытай компаниясы зауыт салады
- Қазақстан Ауғанстандағы теміржол құрылысына жарты миллиард доллар инвестиция салады
- Тілін кесті: Ақтөбеде саябақта тоқ соққан баланың анасы кінәлілерді жазалауды талап етті
- Азаматтыққа қабылдау үшін қазақ тілі мен тарихын білу талаптары өзгеруі мүмкін
- Наразылық пен балалардың үндеуіне қарамастан, Алматыдағы балалар үйі Қонаевқа көшірілмек
- Қызылордада полицияны басынған жасөспірімдер мен олардың ата-аналары жазаланды
- Алматы Сеулге айналды: Үнді фильмінің түсірілімі қаланың келбетін қалай өзгертті?
- Ректор болу үшін 200 мың доллар төлеген Айман Мұсақожаева алаяқтарға жем болды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- «Ем-домды карцерде жасады»: Денсаулығы нашарлаған Думан Мұхаммедкәрімнің түрме басшылығына жазғаны
- Тасмағамбетовтің күйеу баласы украиналық «БТА Банкті» сатылымға шығарды
- «Бір кереует 1,2 млн теңге»: Қызылорда облыстық инфекциялық ауруханасындағы былық ашылды
- «Азаттық радиосы» журналистері Сыртқы істер министрлігін сотқа бермек
- Алматы тауларында жоғалған ҚБТУ студентінің мүрдесі табылды
- Дикий Арманның сыбайласы Дубайдан экстрадицияланды
- Тоқаев Назарбаев айырылған лауазымға ие болды
- Ресейде тағы бір қазақстандықты «мемлекетке опасыздық жасады» деп 17 жылға соттады
- Алматы облысында 10 жастағы баланы иттен құтқарып қалған тұрғын марапатталды
- Назарбаев дәуірінің ізі: ҚТЖ-ның жаңа басшысы Талғат Алдыбергенов туралы не белгілі?
- Жамбыл облысының тұрғыны көмекке келген фельдшердің кеудесіне оқ атты