Өміріміз коронавируспен өтеді деп ойлап отырмыз - Бекшин

Орталық коммуникация қызметінің брифингі кезінде Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустың ұзақ жылға созылатынын айтты.
Журналистің қойған сұрағына жауап берген қаланың бас санитар дәрігері індеттен құтылу үшін үкіметтің жұмыс жасап жатқанын айтты.
Журналист: Сіз 2020 жылы «наконец-то коронавирус келе жатыр» деп мәлімдеме жасадыңыз, енді «наконец-то коронавирус кетеді» деген мәлімдеме қашан болады, індеттің бітер уақытына болжам бар ма?
– Коронавирус біздің өмірімізге келді. Менің ойымша, бұл жағдай әлі көп жылға созылады. Пандемиялық 09 деген тұмаудың штамы 2009 жылы бүкіл әлемге енген. Қазір де әлі барлық вакцинаның құрамында жүр. Сондықтан біз бұл штамнан вакцина арқылы қорғанып жатырмыз. Қазіргі жағдайда бұл коронавируспен өміріміз өтеді деп ойлап отырмыз. 21 ғасырда болғаннан кейін бізде қорғануға вакцина бар. Үкімет тарапынан барлық жұмыс жасалып жатыр. Қазақстан вакцина шығарып жатыр, Қытайдан, Ресейден вакцина келіп жатыр, тіпті АҚШ-та әзірленген Pfizer-де келіп жатыр, - деп жауап берді Бекшин
Журналист: Түбінде коронавирус індетінен құтыламыз деген үміт бар ма?
– Қазіргі таңда аурушаңдықты қауіпсіз деңгейде ұстаймыз деген ой бар. Ал коронавиурстан түгелімен құтыламыз деген... Көріп отырсыздар ғой қандай дамыған елдерде аурушаңдық қайта келді. Қазір біздің ең басты ойымыз: қалай халқымыздың денсаулығын сақтау, алдын алу шараларын жүргізу, - деді Бекшин.
Журналист: Министр Алексей Цой Pfizer вакцинасын алдымен жақындарыма салдырамын деді. Сізде 12-18 жас аралығындағы жақындарыңызға вакцина салдырасыз ба?
– Өткен жұмадан бастап қаламызда Pfizer вакцинасын енгізу жұмысы басталды. ДСМ және санэпид бақылау комитетінің нұсқауымен жұмыс жасап жатырмыз. Біз үлкендерден бастадық. Олар 16-17 жастағы жасөспірімдер. Олардың көбі мектептің жоғарғы сынып оқушылары және колледж студенттері. Ешқандай заң бұзушылық жоқ. Ешқандай арыз түсіп жатқан жоқ. Балаларды ата-аналары сенбі-жексенбі бос болғаннан кейін қолдарынан ұстап алып келіп жатыр. Ата-аналарымен келген балалар алаңдамай екпені алып жатыр, - деді ол.
Нақтылайтын сұрақ. Сіз 12-18 жас аралығындағы жақындарыңызға Pfizer вакцинасын салдырасыз ба?
– Әрине, салдырамын. Өзім де салдырар едім. Бірақ, әзірге уақыт жоқ. Менің әріптестерім балаларын сенбі-жексенбі күндері алып барған. Үміткерлердің саны көбейіп жатыр. Вакцинаны бүкіл әлемде пайдалунда. ДДСҰ тексерістен өткен. Сондықтан ешқандай қорқыныш жоқ. Менің балаларым ол жастан өтіп кеткен, немерелерім әлі 12 жасқа толған жоқ. Үлкен немерем тоғыз жаста кейде оған да салдыру керек деп ойланып қаламын. Бірақ оның жасы әлі 12-ге толмады, - деді Алматы қаласының бас санитар дәрігері.
Жаңалықтар
- Ресейде тағы бір қазақстандықты «мемлекетке опасыздық жасады» деп 17 жылға соттады
- Алматы облысында 10 жастағы баланы иттен құтқарып қалған тұрғын марапатталды
- Назарбаев дәуірінің ізі: ҚТЖ-ның жаңа басшысы Талғат Алдыбергенов туралы не белгілі?
- Жамбыл облысының тұрғыны көмекке келген фельдшердің кеудесіне оқ атты
- Маңғыстаудағы кен орнында бұрғылау мұнарасы құлады
- 13 мүрде шыққан Almaty Hostel-ге қатысты үкім: Неге көп сұрақтар жауапсыз қалды?
- Қажылыққа жинаған ақшасын мұқтаж жандарға үлестірген 94 жастағы ақсақалға Меккеге жолдама сыйланды
- Шенеуніктің шымбайына батқан сын: Ұлытау облысының әкімі көпбалалы анадан 495 мың өндіріп алды
- «Орданы» аждаха жұтпақ: Гүлнәр Бажкенова тәуелсіз басылымды қалай тартып алғалы жатқандарын айтып берді
- «Екінші мәрте»: Оңтүстік Кореяның экс-президенті қайтадан қамауға алынды
- Астанада Үкімет үйіне өрт қойған 24 жастағы ер адам ұсталды
- «Мен күйеуімді жақсы көремін»: Qurt-тың жұбайы зорлық туралы шағымын қайтарып алды
- Тоқаев Трамптың баж салығына қатысты хатына жауап қайтарды
- Перизат Қайраттың тергеу изоляторында соққыға жығылғаны жалған болып шықты
- Джулли Стаффт АҚШ елшісі болуы мүмкін
- БҰҰ Гүлнәр Кәрімованың қамауға алынуын заңсыз деп тапты
- «Сүйіктісін өлтіріп, мәйітін қорлаған»: Шымкентте 19 жастағы жігітке үкім шықты
- «Ауруханаға түсті»: Ақтөбеде 9 жыл әкім болған азамат өзіне қол жұмсамақ болды
- «Бектеновтің сынынан нәтиже жоқ»: Ақтөбе облысы Жұрын ауылындағы жаңа асфальт үгітіліп жатыр
- Ұлттық қорғаныс университетінің полковнигі әйел зорлады деп күдікке ілінді