«Мемлекеттік құпияның таралуы»: ҰҚК Антикор қызметкерлерін тексереді
Фото: Freepik
Солтүстік Қазақстан облысындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті қызметкерлері мемлекеттік құпияны жария етті деген күдікпен тексерілмек.
Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы хабарлағандай, тексерісті Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізеді.
«Тексеру және құқықтық баға беру мақсатында аталған факті Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының Ақпараттық есепке алу кітабына тіркеліп, тексеруді ұйымдастыру және тиісті шешім қабылдау үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментіне жолданды» делінген қадағалау органының Orda.kz-тің ресми сауалына берген жауабында.
Оқиға «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Алмат Қожахметов сотталған сыбайлас жемқорлық ісін тергеу барысында болған. Қожахметовтың адвокаты Әділжан Мауытқанов «Антикор» қызметкерлері заңсыз әдістерді, соның ішінде куәгерге мемлекеттік құпияға қатысты бейнежазбаны көрсеткенін айтады. Сот мұны «Мемлекеттік құпиялар туралы» заңның бұзылуы деп тапты.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады