Мектеп бағдарламасына “яссауитану” пәнін енгізу - заңға қайшы - Дінтанушы

cover Фото: Ашық дереккөзден

Дін зерттеушісі Тұрарбек Құсайынұлы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа жолдаған үндеуінде «яссауитану» пәнінің енгізілуі еліміздің заңына қайшы келетінін айтты, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

Конституция, яғни Ата заңның әр бабы — бұлжытпай орындалуы тиіс маңызды құжат.  Егер Ата заңда көрсетілгендей мемлекет, шынымен, діннен бөлек болатын болса, онда аталмыш заңға ешбір меморган қарсы шықпауы керек!»,—деді ол.

Дінтанушы Қожа Ахмет Яссауидың орнына әл-Фараби мұрасын зерттеу керек екенін жеткізді.

«Сізден діни қайраткер Қожа Ахмет Яссауидің діни жолын насихаттайтын «яссауитануды»  мемлекеттік оқу орны аталатын мектептерден шұғыл түрде алып тастап, оның орнына әлемде 2-ұстаз саналатын әл-Фараби бабамыздың ғылыми жолын тануға шақыратын «фарабитану» пәнін енгізуді өтініп сұраймын»,—дінтанушы.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабы,1-тармағы бойынша еліміз зайырлы және дін мемлекеттен бөлек екені анық жазылған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар