Мәжіліс спикері жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді

cover Фото: Orda.kz

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумға қатысып, дауыс берді, деп хабарлайды Orda.kz.       

Мәжіліс спикері №128 сайлау учаскесінде, Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының ғимаратында орналасқан учаскеде өз таңдауын жасады.

 

«Көңіл күй жақсы. Бүгін барлық қазақстандықтардың көңіл күйі жақсы, мерекелік деп ойлаймын. Бүгін маңызды күн. Қазақстан халқына жаңа Конституцияның қабылдануы не қабылданбауы жөнінде шешім қабылдау міндеті тұр. 15 наурыз еліміздің тарихында ерекше орын алады деп сенемін. Мен өз таңдауымды жасадым. Барлық қазақстандықтарды сайлау учаскелеріне келіп, азаматтық борыштарын орындауға шақырамын» , — деді Ерлан Қошанов журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып. 

Еске салсақ, елдегі дауыс беру құқығына ие азаматтардың жалпы саны – 12 461 796 адам. Барлығы 10 401 сайлау учаскесі ашылды. Учаскелер сағат 07:00-де ашылып, 20:00-де жабылады, содан кейін дауыстарды санау басталады.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар