Мәжіліс букмекерлік кеңселерді жарнамалауға тыйым салуға шешім қабылдады
Фото: Pexels
Мәжіліс депутаттары букмекерлік кеңселерді жарнамалауға тыйым салатын заң жобасын екінші оқылымда қабылдады.
Блогерлер мен инфлюенсерлерге, сонымен қатар басқа да қазақстандықтарға букмекерлік кеңселер мен онлайн казиноларды жарнамалауға тыйым салынады. Бұл үшін 200 мың теңге айыппұл қарастырылған.
«Бүгін қоғамымызға тікелей әсер ететін өте маңызды заң жобасын қабылдап отырмыз. Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Президент лудоманияны XXI ғасырдағы басты әлеуметтік зұлымдық деп атады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, ойынға тәуелділікпен күресудің кешенді жоспары қабылданды»,- деді депутат Елнұр Бейсенбаев.
Заң букмекерлік кеңселер мен онлайн казино ғимараттарда, құрылыстарда және көлік құралдарында сыртқы жарнамасына, сондай-ақ олардың бұқаралық ақпарат құралдарында, кино, бейне және анықтамалық қызметтерде жарнамасына толығымен тыйым салады. Жарнама букмекерлік кеңселер мен онлайн казино орналасқан жерінде, спорт ғимараттарының ішінде, спортшылар жабдықтарында, спорттық теле және радиоарналарда, спорттық іс-шараларды көрсетуге мамандандырылған интернет-ресурстарда рұқсат етіледі.
Бұл ретте отандық телеарналар халықаралық спорт жарыстарын тікелей трансляциялау кезінде букмекерлік кеңселер мен ұтыс ойынын жарнамалай алады. Сонымен қатар, түзетулер ұялы байланыс операторларына электронды казинолар, онлайн-казинолар, сондай-ақ халықтың абоненттік құрылғыларына құмар ойындар мен бәс тігулер туралы жарнаманы қамтитын мәтіндік хабарламаларды жіберуге тыйым салуды көздейді.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады