Мас кезінде 3 балықшыға оқ жаудырған ер адам 15 жылға сотталды
Фото: Envato
Алматы облысында ішімдікке сылқия тойған ер адам балықшыларға оқ атты. Сот кісі өлтіруге оқталған айыпталушыны 15 жылға соттады, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы (Кісі өлтіруге оқталу) бойынша қылмыстық істі қарады.
Сот шешімімен «Т» есімімді азамат кінәлі деп танылып, оған орташа қауіпсіздік мекемесінде 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Оқиға 2024 жылдың 26 қазанында болған еді.
Ер адам Қонаев — Бақанас тас жолының маңында орналасқан шаруа қожалығында отырып ішімдік ішкен. Сол күні кешкі сағат 22.00 шамасында Іле өзенінің жағалауында балық аулап жүрген 3 адамды көріп, оларға оқ жаудырған. Нәтижесінде жәбірленушілер әртүрлі дәрежеде жарақат алған. Дәрігерлер уақтылы медициналық көмек көрсетіп, олардың өмірін сақтап қалды.
Айта кетейік, Семейде жарыстан қайтқан Азия чемпионы жол апатынан опат болды.
Жаңалықтар
- «Дулығасында соғыста қаза тапқан спортшылардың портреті бейнеленген»: Украиналық скелетоншы Олимпиададан шеттетілді
- Хасан Қасымбаевтың ісі бойынша апелляциялық сот отырысының шешімі шықты
- Қазақстан Қырғызстаннан жерді 49 жылға не үшін жалға алмақшы?
- Ресейде бірден бірнеше ірі платформалар бұғатталды
- Қазақстандықтар былтыр тоннадан аса алтын сатып алған
- Түркістанда көшенің қақ ортасында атыс болды
- Есепші бүтіндей мемлекеттік кәсіпорын ақшасын бәске тігіп жіберді
- Жаңа Конституция күні 15 наурызда аталып өтуі мүмкін
- Маңғыстау облысында есірткі жеткізумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды
- Қазақстанда жаңа Конституция жобасы жарияланды
- Пезидент UAE SWAT Challenge–2026 халықаралық жарысында жоғары нәтиже көрсеткен командаларды құттықтады
- TikTok-та танылған Талғар әкімі қызметінен кетті
- Садыр Жапаров Конституциялық сотқа жүгінді
- Дәрігер ауруханада 13 жастағы қызға азғындық жасаған: Істің жай-жапсары
- Доллар неге күрт арзандап кетті?
- Тарихи жеңіс: Қазақстандық арнайы жасақтар Дубайда өткен турнирде алтын және күміс жүлдеге ие болды
- Бүгін Астана оқушылары мен студенттері қашықтан оқиды
- Қазақстанда Референдум 15 наурызда өтеді
- Қылмыстық іс қозғалды: Шымкентте көшенің қақ ортасында бір топ жас жігіт жаға жыртысты
- Анапада техникумында студент атыс ашып, күзетші көз жұмды