Маңғыстау тұрғындарына құс тұмауының таралу қаупі туралы ескертілді

cover

Қаракөл көлінің жағасында аққулардың жаппай қырылуына байланысты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті вирустың халық арасында таралу қаупі туралы хабарлады.

«Қазіргі таңда облыста адамдар арасында құс тұмауын жұқтыру жағдайы тіркелген жоқ. Айта кету керек, құстардан бөлінген құс тұмауының вирусы адамнан адамға берілмейді. Дегенмен, жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың эпидемиологиялық маусымында бірқатар ұсыныстар орындалмаса, бұл вирустың халық арасында таралу қаупі бар» дейді санитарлық дәрігерлер. 


Маңғыстау халқына ұсыныстар:

• инфекция ошақтарына (аққулар өлген жерлерге) барудан бас тарту;

• маска киіңіз, қолыңызды жақсылап жуыңыз және антисептик қолданыңыз;
• ауру жұқтырған тірі (немесе өлі) құсқа жақындамаңыз (қауіп факторларына ауру құстың ұшасын сою, жұлу және өңдеу кіреді);

• алғашқы белгілерде өзіңізді емдеуге болмайды, медициналық көмекке жүгіну керек, үйге дәрігер шақыру керек.

2023 жылдың 21 желтоқсаны мен 2024 жылдың 9 қаңтары аралығында онда 870 өлі аққу табылып, жойылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар