Мұрат Бектанов Қорғаныс министрі болып тағайындалды

cover

Мұрат Бектанов Қорғаныс министрі болып тағайындалды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

- Бектанов Мұрат Кәрібайұлы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалсын, - делінген Ақорданың хабарламасында.

Бектанов Мұрат 1965 жылы 18 қыркүйекте Солтүстік Қазақстанда дүниеге келген.

Әр жылдардағы қызмет барысы:

  • Мотоатқыштар взводының командирі (1989-1990);
  • Десанттық шабуыл взводының командирі (1990);
  • Әуе шабуыл батальонының барлау бастығы (1990-1993);
  • Алматы жоғары құрама командалық училищесінің курсанттар взводы, рота командирі (1993-1997);
  • Штаб бастығы-ШОБ командирінің орынбасары (1997-1998);
  • ҚР Қорғаныс министрлігі Жауынгерлік дайындық департаментінің офицері (1998);
  • ҚР Қарулы Күштері Бас штабының жедел жоспарлау бөлімінің аға офицері (2000-2001);
  • Республикалық гвардия әскерлерінің дирекция бастығы, операциялық дирекция бастығы, жауынгерлік қызмет және даярлық бөлімінің бастығы (2001-2005);
  • ҚР Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің Операциялық жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары (2007-2010 жж.);
  • ҚР Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің Операциялық жоспарлау департаментінің бастығы (2010-2013);
  • ҚР «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы (07.2013-06.2016);
  • ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы (09.2016-04.2019);
  • ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы (05.04.2019 ж. - бүгінгі күнге дейін).

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар