Мұхтар Әбіләзовтың серіктесіне қатысты тергеу ісі аяқталды

cover

Мұхтар Әбіләзовтың қылмыстық ісіне қатысты тағы бір адамның тергеуі аяқталды, деп хабарлады ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Ақпарат Zakon.kz сайтында жарияланды, деп хабарлайды Orda.kz.

— Қылмыстық қоғамдастыққа қатысты тағы бір кұдіктіні тергеу аяқталды, ол №7 корпоративтік бизнес басқармасының бас директоры қызметін атқарған, «БТА Банкі» АҚ несие комитетінің басқарма мүшесі болған, - деп хабарлады Биғайдаров.

Оның айтуынша, аталған айыпталушы қылмыстық қоғамдастық басшысы Мұхтар Әбіләзовтың бақылауындағы компанияларға несие беру туралы заңсыз шешім қабылдауға ықпал еткен.

Тергеуші 2010 жылдан бастап оның халықаралық іздеуде болғанын, Қырғызстан азаматы ретінде жалған құжаттармен жасырынып жүргенін айтты. Ол 2020 жылдың тамызында Грузиядан табылды. Қылмыскер қолға түскенде Қазақстан азаматы екенін мойындап, өз еліне қайтарылуын сұраған.

— Қазіргі уақытта прокуратура айыптау актісін бекітті, күдікті сотқа берілді. Қылмыстық іс бойынша 2 млн доллардан астам залалды өтеу туралы шешім қабылданды. Халықаралық іздеуде жүрген 14 күдікті бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, - деп атап өтті тергеуші.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар