Лукашенко Трамптың өтініші бойынша 120-дан астам саяси тұтқынды босатты
Фото: «Пул Первого» телеграм-арнасы
Беларусь билігі тыңшылық, терроризм және экстремизм үшін сотталған 123 азаматқа рақымшылық жасағанын жариялады, деп хабарлайды Orda.kz «Пул Первого» телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Босатылғандардың қатарында белгілі белорустық оппозиционер Мария Колесникова, Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты Алесь Беляцкий, сондай-ақ Ұлыбритания, АҚШ, Литва, Украина, Латвия, Австралия және Жапония азаматтары бар.
Бұл шешім «АҚШ президентімен қол жеткізілген келісімдер аясында және оның өтініші бойынша», бұрынғы Джо Байден әкімшілігі енгізген «Беларускалия» санкцияларын алып тастаудың орнына қабылданды.
Минскіде бұл қадам гуманитарлық қағидаттарға, отбасылық құндылықтарға негізделгенін және шетелдік серіктестермен қарым-қатынасты жақсартуға бағытталғанын атап өтті.
«Соңғы уақытта Беларусь президентінің қарашаның соңында қабылдаған шешімдерін ескере отырып, кешірім жасалған адамдардың жалпы саны 156 адамға жетті» деп жазылған хабарламада.
Саяси тұтқындарға кешірім жасау туралы Лукашенко Минскіде АҚШ президентінің арнайы өкілі Джон Коулмен кездескеннен кейін бірден жарияланды. Беларусь оппозициясының жетекшісі Светлана Тихановскаяның кеңесшісі Денис Кучинскийдің айтуынша, босағандардың барлығы қауіпсіз, елден тыс жерлерде.
Биылғы жылдың маусым айында Трамптың арнайы өкілінің сапарынан кейін Лукашенко 14 саяси тұтқынды, соның ішінде танымал оппозиционер Сергей Тихановскийді босатты.
Еске салсақ, биылғы сәуір айының басында Лукашенко шенеуніктерге «нақсүйерлерін» өз есебінен ұстауды, өкімет қаржысын шашпауды ұсынған болатын.
Жаңалықтар
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды
- Иран әскері Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасады
- Щучинскідегі жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын баяндады
- LRT жолаушылар үшін қашан іске қосылады? Астана әкімі жауап берді
- «Қайрат» ФК дәрігері Астана әуежайында бомба туралы қалжыңдаймын деп жауапқа тартылды
- Ресейден қауіпті вирус жұққан қызанақ тұқымдары елге әкелінген
- Ирандағы соғыс Қазақстанға қалай әсер етеді: Ормуз бұғазы мен мұнай бағасы
- Отардағы әскери бөлімде жағы сынған сарбазға қатысты тың дерек пайда болды
- Алты араб монархиясы Иранға ұжымдық қауіпсіздік аясында жауап беретінін мәлімдеді
- «Төмен баға ұсынған»: Астанада пәтерлерді екі реттен сатқан құрылыс компаниясы қызметкерлері қамалды
- Ұлыбритания Иран дрондарына қарсы күреске Украина сарапшыларын тартады
- Экс-президенттің қаза тапқаны жалған — Махмуд Ахмадинежад кеңсесі
- АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы: Соңғы жаңалықтар
- 26 жерінен пышақтап, мәйітін зорлаған: Диананың анасы сот үкімімен келіспей отыр
- Иран билігі АҚШ-пен келіссөз жүргізуден бас тартып отыр
- АҚШ-тың Иранға қарсы әскери шабуылы төрт аптаға созылуы мүмкін — Трамп