Леңгірде әскери тікұшақ апатында қаза тапқан Нұржігіт Үйсінбаевпен қоштасуда
Фото: бейнежазбадан скриншот
Түркістан облысында құтқарушылар 9 тамызда Алматы облысында жоғалған әскери тікұшақты іздестіру кезінде мәйітін тапқан әскери қызметші Нұржігіт Үйсінбаевты жерлеуге дайындалып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Бір күн бұрын мәйіт Леңгірге жеткізіліп, отбасына берілді. Қазір қаза тапқан ұшқышпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр. Оқиға орнында «Орда» тілшісі жұмыс істейді.
Естеріңізге сала кетейік, EC-145 әскери тікұшағының фрагменттері мен борттағы бір адамның денесі 14 метр тереңдіктен табылды. Тікұшақ 25 шілдеде Жамбыл облысында радардан жоғалып кетті.
Сорбұлаққа қорғаныс министрі Дәурен Қосановтың өзі барды. Министр іздеу-құтқару жұмыстары барысын бақылап, қазір экипаждың тағдырын анықтау және олардың туыстарына қолдау көрсету басты міндет екенін айтты.
Іздестіру ауданы спутниктік деректердің көмегімен анықталды, содан кейін оған арнайы топ пен техника жіберілді. Келесі күні Сорбұлақ көлінің бетінен майлы дақ пен әуе кемесінің сынықтары анықталды.
Бір күн бұрын Алматы облысында жүргізілген іздестіру операциясы барысында Сорбұлақ су қоймасынан жоғалған тікұшақтың бөлшектері мен адамның мәйіті табылды.
Жаңалықтар
- ҚР СІМ Таяу Шығыс елдеріне сапарламау туралы ескерту жасады
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты