«Қызыл дельфиннің» қатысы жоқ па? Мамандар оқушылар өлімі жайлы ақпаратты жоққа шығарды
16 қыркүйекте Алматыда екі мектеп оқушысы көпқабатты үйдің төбесінен құлап, қайтыс болды. Бес күннен кейін тағы бір оқушы қыз қаза тапты. Әлеуметтік желілерде бірден балалардың өздеріне қол жұмсауына себеп болды деген түрлі сыбыстар тарай бастады. Orda.kz бұл болжамдар жайлы жазған болатын.
Factcheck.kz жобасының сарапшылары алматылық оқушылардың өлімі мобильді қосымшаларға, жасөспірімдерге арналған танымал кітаптарға және жұмбақ «Қызыл дельфин» ойынына қатысты деген ақпаратты талдады.
Orda.kz фактчекерлер қандай қорытындыға келгенін баяндайды.
«Қауіпті» кітаптар
Бір болжамда оқушылар «оқыды» деген кітаптар тұр. Олардың суреттері мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде кеңінен таралды. Хабарлама авторлары бұл кітаптарды ашық сатылымда жоқ деп, оларды тек маркетплейстерде ғана сатып алуға болады және бұл кітап «балаларды суицидке жетелейді» деп мәлімдеген еді.
Алайда, бұл кітаптардың шынымен қайтыс болған қыздарға тиесілі екендігі туралы дәлел жоқ. Сол сияқты, олардың суицидке бағытталғаны туралы да расталған ақпарат жоқ. Жасөспірімдерге арналған бұл кітаптар кітап дүкендері сөрелерінде жоқ деген мәлімдеме де жалған болып шықты. Барлық кітаптар ашық сатылымда бар.
Schoolboy Runaway
Қазақстандық ата-аналар үшін тағы бір «қорқынышты» ақпарат — Schoolboy Runaway мобильді ойыны (сонымен қатар, оған ұқсас Schoolboy Escape және Flashback қосымшалары). Әлеуметтік желілердегі хабарламалардың авторлары мұндай ойындардың «балаларды үйден қашуға үйрететінін», ата-аналарды тыңдамауға итермелейтінін және суицидке апаратын «алғашқы қадам» екенін айтады.
Factcheck.kz осы ойындарды да саралап көрді. YouTube арналарындағы ойындарды қарады. Нәтижесінде, Schoolboy Runaway кітаптардан ешқандай айырмашылығы жоқ деген қорытындыға келді.
Жанжалға ұласқан Schoolboy Runaway ойын жанрындағы «бөлмеден қашу» (escape room) ойындарының бірі болып шықты. Ойыншының міндеті — жабық бөлмеден қашу. Сюжет бойынша, басты кейіпкер — нашар оқушы. Ол ата-анасын алдауы керек. Алайда, ойында басқа нұсқаулар жоқ. Оларда балаларды өлімге итермелейтін ешқандай контент жоқ.
Фактчекерлер атап өткендей, ойындарды балалардың жаман мінез-құлқына әсер етті деу (әсіресе суицидпен) қате болады. Оқиғалардың бірінен соң бірі болып кетуі олардың байланысы бар дегенді білдірмейді.
«Қызыл дельфин»
Бұлардан сәл өзгешесі — «Қызыл дельфин». Әлеуметтік желілердегі «өлімге итермелейтін» топтар туралы, онда жасөспірімдер өмірге қауіпті тапсырмалар алатыны және суицидтік контент көретіні туралы айта кетсек. Бірнеше жыл бұрын Ресейде осындай топтар жайлы шу болды. Оның жаңғырығы Қазақстанға да жетті. Ең белгілі мысал — жартылай мифтік «Көк кит» қауымдастығы. Қазіргі уақытта оның орнын «Қызыл дельфин» деген жұмбақ ойын басты.
«Алматылық мектеп оқушыларының қазасынан кейін мессенджерлерде қайтадан өлім топтары туралы әңгіме қозғалды. Редакцияға келген WhatsApp хабарламалары арасында «Қызыл дельфин» атты жаңа «ойын» туралы айтылған. Қаза болған қыздардың осы «ойынды» ойнағаны және сондықтан өз-өзіне қол жұмсағаны айтылып жатыр», деп атап өтеді Factcheck.
Сарапшылар қаза тапқан қыздардың шын мәнінде «Қызыл дельфин» немесе оған ұқсас ойын ойнағанына дәлел таппады. Қаланың мектептері жанында жастарды суицидтік топтарға тарту үшін QR-кодтары бар парақшалардың жабыстырылып жатқаны туралы ақпарат та тек қауесет болып шықты.
Дегенмен, «Қызыл дельфин» шынымен бар. «Қызыл дельфин» туралы алғаш рет мәліметтер шілдеде шыға бастады. Алайда, мұндай Telegram арналар бұған дейін бірнеше ай бұрын да болды. 16 қыркүйекте Ресейде мектеп оқушысы сыныптастарына балғамен шабуыл жасаған оқиғадан соң, «Қызыл дельфинге» жұрт назар аудара бастады. Шабуылдан бұрын, ұл бала «манифест» жариялап, онда «Қызыл дельфин» мен RNBWN атты топты атап өткен. Сол күні Алматыда екі қыздың қаза болған соң, олардың өлімі «Қызыл дельфинге» қатысты деген қаңқу сөз дереу тарап кетті. Полиция бұл ақпаратты растамайды.
RNBWN деп аталатын топ шынымен бар. Бұл топтың артында Антон Мишанин атты адам болуы мүмкін. Олар өздерін «деструктивті ұйым» ретінде таныстырады. Ал «Қызыл дельфинді» олардың үш жобасының бірі ретінде көрсетеді. Қатысушыларды вандализмге және өздеріне физикалық зақым келтіруге шақырады.
Журналистер RNBWN-ге қатысы бар әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі жабық топтарда қауіпті контенттің көп екенін анықтады. Алайда, мұндай ақпаратты басқа ашық көздерден де табуға болады.
«Біз арнаға қосылуға қол жеткізген пайдаланушылардың мәтіндері мен бейне жазбаларында нұсқаулықтар көп екенін анықтадық. Есірткі жасаудан бастап, жаппай оқ жаудыру мен суицид жасау тәсілдеріне дейін көрсетеді. Онда зорлық-зомбылық көріністерін, өлтірушілердің манифесттерін және т.б. қамтитын бейнежазбалар да бар», деп жазады Factcheck.
«Қызыл дельфин» расымен қауіпті көрінеді. Бірақ, осындай провокациялық қауымдастықтар әлеуметтік желілерде жасөспірімдер суицидтерімен байланысты ма? Бұл сұраққа жауап беруді құқық қорғау органдарына қалдырған жөн.
Ата-аналарға қайтпек керек?
Фактчекерлер кітаптар мен ойындардың негізінен қауіпсіз деп қорытындылады. Бірақ ата-аналар балалардың қандай кітап оқып пен қандай ойын ойнап жүр қадағалағаны дұрыс.
«Қызыл дельфин» және RNBWN онлайн қауымдастығымен байланысты басқа топтар, шын мәнінде, өлтіру мен суицидтерді нормализациялайтын ақпаратты қамтиды. Алайда, осы ресурстардың нақты әсері бүгінгі күні толық анықталған жоқ. Тарих көрсетуі бойынша, «өлім топтарының» ықпалын тым көп асыра көрсетуі мүмкін. Дегенмен, бұл контент балаларға арналмағаны анық», деп қорытындылайды Factcheck.
Еске сала кетсек, Orda.kz Алматыдағы екі мектеп оқушысының қазасы жайлы болжамдарды жинаптап жазған болатын.
Жаңалықтар
- Ақтауда қызыл кітапқа енген фламинголар өлі табылды
- Алимент төлемеген азаматтар құмар ойынын ойнап келген
- Есірткі тасымалдаған 2 кәсіпкер әйел 10 жылға сотталды
- «16-шы жеңіс»: Жәнібек Әлімханұлы Андрей Михайловичті нокаутпен сұлатты
- Астанада 37 көпқабатты тұрғын үй заңсыз салынған
- Алматыда ер адамның бөлшектенген денесі табылды
- Қарағанды облысында жоғалған 5 жасар баланың жағдайы белгілі болды
- Таразда 10 жасар бала ауыр қылмысты ашуға көмектесті
- Алматы облысында атыс болып, бір адам қаза тапты
- Судьялардың IX съезі: Тоқаев ашық өткен Бишімбаев сотының пайдасын айтты
- «Шеге жұтқан»: Шымкенттегі сотталғандар наразылық танытып жатыр
- «Тоқаев өзі қарсы алды»: Астанада ТМД-ның арнаулы қызмет басшылары бас қосты
- Президент мопед жүргізушілеріне арналған заңға қол қойды
- Қазақстан $1,5 млрд еуробонд шығарды
- Ким Чен Ын ядролық қарумен қорқытты
- Иран Израильге жасаған шабуылынан кейін АҚШ-қа ескерту жасады
- «Қазақстанға қайтпа»: Жұрт желідегі әйелдің ұлына берген кеңесін қызу талқылап жатыр
- Сенат депутаты Ләззат Қалтаеваның өкілеттігі тоқтатылды
- Ғани Бейсембаев мектеп асханасын ұстайтын кәсіпкерлерді сынға алды
- «Астана» сербиялық «ТСЦ»-ны жеңді