Күш қолданып қорқытқан: СҚО-да пайызға қарыз беріп, қаражатын екі еселеп алатын күдікті ұсталды

cover Фото: Бейнеден кадр

СҚО-да күдікті заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, алаяқтық жасаған. Адамдардың сеніміне кіріп, пайызға ақша берген. Бірақ қаражатын еселеп қайтартқан. ҚМА тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Orda.kz. 

2013 жылдан 2025 жылға дейін күдікті тиісті лицензиясыз адамдарға пайызға жүйелі түрде қарыз беріп келген. Келісімшарттарда нақты берілген ақшадан едәуір жоғары қаражат көрсетілген. Себебі құжатта алдын ала есептелген сыйақы қосылып отырған.

«Қарыздар бойынша ай сайынғы сыйақы мөлшері қарыз сомасының 5–10%-ын болған, бұл жылдық есеппен 60–120%-ға тең», деп хабарлады ҚМА. 

Сондай-ақ күдікті мүлікті сатып алу-сату туралы жалған шарттар рәсімделген. Нәтижесінде заңсыз қызметтен түскен табыс 1,8 млрд теңгеден асты.

Күдіктінің кесірінен пайызға ақша алған адамдар зардап шеккен. Оларға жоғары пайыздық мөлшерлемелер ұсынылған.

Күдікті жәбірленушілерге жүйелі түрде күш қолданып, психологиялық қысым көрсетіп келген. Сонымен қатар,  ол 11 млн теңге көлеміндегі бір қарызды екі рет өндіріп алғаны анықталды. Күдікті қамалды.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар