Қырғызстанның экс-президентінің отбасы далада қалды
Фото: President.kg
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың отбасын үйінен күштеп шығарды. Бұл туралы әлеуметтік желілерде оның балалары Әлия Шагиева мен Қадырбек Атамбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Полиция қызметкерлері экс-президенттің отбасын Қой-Таш ауылындағы үйден шығарып тастаған. Сонымен қатар, полицейлер үйдегі бар затты алып, арнайы жабдықталған контейнерге салып әкеткен.
Әлия Шагиеваның айтуынша, экс-президенттің отбасын жаңбырлы күні көшеде қалдырыпты. Атамбаевтың балалары қазір туыстарының үйін паналаған.
Айта кетейік, Қой-Таш ауылындағы бұрынғы президенттің үйі мемлекетке қайтарылды. Бұған дейін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі агенттіктің директоры Тимур Малбашев мұнда 500 орындық заманауи қарттар үйі мен жаңа балабақша салуға ниетті екенін хабарлаған болатын.
Еске салайық, Бішкектегі Первомай аудандық соты Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты бірнеше ауыр бап бойынша кінәлі деп танып, 11 жылға соттады.
Жаңалықтар
- Елімізде 400-ден аса жеке емшара кабинеті лицензиясыз қызмет көрсеткен
- Санжар Боқаев бұлтартпау шарасымен екі айға қамалды
- Мүлкін иемденгісі келген: Павлодарда әйелін әдейі суға батырып өлтірген ер адам сотталды
- 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгерді
- Алматыда заңгер Әділетхан Молдаханның ұсталғанын полиция растады
- Израильде өлім жазасы неге бәріне бірдей жүрмейді? Заңға шолу және халықаралық реакция
- Израильде терроризм үшін сотталғандарға өлім жазасын кесетін заң қабылданды
- Сапасыз жолдан көлігіңіз сынса — «ҚазАвтоЖол» ақы төлейді
- Алматыда заңгер Әділетхан Молдахан ұсталды
- Тоқаев ұлттық қауіпсіздік стратегиясы жобасын мақұлдады
- Трамп: АҚШ Ирандағы әскери операцияларды тоқтату мәселесін талқылап жатыр
- Жеңіл пайда: TikTok-та халықты алдап 20 млн табыс тапқан адам ұсталды
- Ұлттық, діни және әлеуметтік алауыздық. Бас прокуратура үндеу жасады
- Енді Қазақстан сарбаздары швед үстелінен тамақтанады
- Ирандық спорт командаларына «дұшпан» елдерге баруға тыйым салынды
- Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші әйелі Әсел Исабаева Астанада фотосессия жасады
- Пәкістан мен Ауғанстан неге соғысып жатыр?
- Ормуз бұғазындағы қиындық: Жапония Қазақстан мен Әзербайжаннан мұнай импорттайды
- AIRAN жобасының жұмысы тоқтады
- «Екі жыл бойы қысым көрді»: Атыраудағы оқушы қызды пышақтауға мектептегі буллинг себеп болған