Қырғызстанның бұрынғы президенті Атамбаев Жапаровты «елді құртты» деп айыптады
Фото: Facebook (@Садыр Жапаров)
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев елдегі сөз бостандығының құрығаны, қарыздың шектен тыс өскеніне және сыбайлас жемқорлық жайлағанына қазіргі билікті айыптады, деп хабарлайды Orda.kz.
Атамбаев бұл үндеуін Instagram парақшасында жариялады. Оның айтуынша, Садыр Жапаров энергетикалық дағдарысқа байланысты экс-президентті кінәлап сөйлеген соң, бұл хатты жазуға мәжбүр болған. Атамбаев Жапаровтың сөзін «жала» деп атап, мемлекеттің басшысы өз уақытында Қамбарата-2-де жұмыс істеген майнинг-фермалармен байланысын көпшіліктің алдында мойындағанын еске салды. Атамбаевтың пікірінше, бұл майнинг-фермалар Максим Бакиев пен Александр Ширишевтің ықпалды ортасына қызмет еткен.
«Халықтың көзі ашылды. Енді олар сенің кім екеніңді анық көріп отыр. Халық — айтқанға сене кететін мәңгүрт тобыр емес. Олар бәрінен хабардар. Сен сөз бостандығын уәде еттің. Ал қазір адамдарды әлеуметтік желіде жазған ойы үшін қамауға алып жатыр. Демократияны уәде еттің. Қазір барлық тәуелсіз партиялар жойылды, саясаткерлердің бірі түрмеден шықса, бірі әлі қамауда. Қарапайым жұрт та қарсы пікір айтса, дереу жауапқа тартылады. Басқа уәделерің қайда қалды? Адал сайлау туралы айтасың, бірақ өзіңе жақпайтындарды сайлауға жолатпайсың. «Мемлекеттік қарызды азайтамын» дедің, керісінше, ол бірнеше есеге өсті. Бала-шағаң мен туыстарың банктер ашып, көз алдымызда байып жатыр. Майнинг-фермалар кімдерге жұмыс істейтіні белгілі, елдің электр қуатымен биткойн штамптап отыр. Туыстарың байып жатқанда, халық азық-түлікке ақша таба алмай қалды» деп жазды Атамбаев.
Ол сондай-ақ алғашқы ірі энергетикалық дағдарыс Бакиев билікте отырғанда болғанын еске салды. Сол уақытта да энергетика саласын бүгінгі билікте отырған адамдар басқарған. Ол кезде жарық күніне 8–10 сағатқа дейін сөндірілетін. Атамбаевтың айтуынша, энергетика жүйесін қалпына келтіру – инженерлердің еңбегі, ал гимн мен туды ауыстыру секілді «реформалардың» бұл салаға еш қатысы жоқ.
«Қырғызстанда қазір жекеменшік құқығы қорғалмайды. Елде еркіндік шектеліп, шағын кәсіпкерден бастап ірі бизнес иесіне дейін ертең бір сылтаумен мүлкін тартып алады деп қорқып өмір сүріп жүр. Сотсыз, тергеусіз үйлер бұзылады, жер тартып алынады, шағын және орта бизнес салықпен, рейдерлік әрекеттермен, қолдан жасалған қылмыстық істермен тұншықтырылып жатыр» деп жазды экс-президент.
Атамбаевтың айтуынша, Қырғызстан биліктің жақын тобының мүддесіне қызмет ететін аппаратқа айналды. Соңғы бес жылда елдің баспасөз еркіндігі индексі 89-орыннан 144-орынға құлдыраған. Уганда мен Анголадан да төмен көрсеткішке жеткен.
Еске салсақ, Атамбаев 2024 жылдың ақпанында үкім қайта қаралғаннан кейін бостандыққа шыққан. Одан соң ол ем қабылдау үшін Испанияға кеткен. Сол кезде Садыр Жапаров «мейірімді болу қажет» деп мәлімдеген, тіпті Атамбаев өзінің билігі кезінде Жапаровты оның 1291 күн түрмеде отырғанына қарамастан айыптаған. Саясаттанушылар Атамбаевтың саясаттан толық кетуі неғайбыл екенін, оның қайта оралуға дайындалып жатқанын айтады.
Жаңалықтар
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады
- Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды
- Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай өтпейді — Иран