Қырғызстанда Тәшиевтің жиені тергеу изоляторынан босатылды

cover Фото: 24KG

Қамшыбек Тәшиевтың жиені Байғазы Матисаков  уақытша ұстау изоляторынан босатылды. Дереккөздердің мәліметінше, ол тергеумен келісімге келу аясында еркіндікке шыққан, деп хабарлайды Orda.kz 24KG-ға сілтеме жасап. 

Ол биыл наурыз айында  «Қырғызмұнайгаз» ААҚ-дағы жемқорлық ісі бойынша ұсталған еді. Ол мұнай өнімдерін заңсыз сату схемаларына қатысы бар тұлғалардың бірі ретінде ұсталған.

Байғазы Матисаковтың босатылғаннан кейінгі процессуалдық мәртебесі мен тергеумен жасалған келісімнің нақты шарттары туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ. Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Айта кетейік, кеше ғана,  «Қырғызмұнайгаз» ААҚ-дағы жемқорлық ісі бойынша Тәшиевтің бауыры ұсталған еді. Шаирбек Тәшиев 13 наурызда ішкі істер министрлігіне жауап алуға шақырылған. Қырғыз басылымдары шенеуніктің 14 наурыз күні қайта босатылғанын жарыса жазды. Сонымен қатар, Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Тәшиевті депутаттық мандатынан айырды. Бұл шешім ОСК отырысында қабылданған. Осылайша оның Жогорку Кенеш депутаты ретіндегі куәлігі жарамсыз деп танылды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар